Сол қаптал қорғаушысының "Ақтөбеде" қалу ықтималдығы мүлдем төмен.
Осы жылдың соңында Богданның қазақстандық клубтағы келісім шарты аяқталып, еркін агент атанады. 32 жастағы қаптал қорғаушыға бүгінде Бухаресттің “Динамосы” қызығуда екен. Румынияның 18 дүркін чемпиондарында сол қаптал қорғаушысы жоқтың қасы. Осы себептен Вэтэжелу нұсқасы бапкер Желько Копичтің ойынан шығып отыр.
Еске салсақ, Богдан “Ақтөбеде” 2024 жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетіп келеді. Қорғаушы күні бүгінге дейін ақ-қызылдар сапында 56 матч өткізіп, 1 гол мен 5 голдық пас берді.
32 жастағы тәжірибелі ойыншы өз мансабында Ақтөбеден бөлек, “Стяуа 2”, “Валкеа”, “Спарта” Прага, “Университая Крайова”, “Металул”, “Яблонец” және “Университая Клуж” ұжымдарында өнер көрсетті.
Transfermarkt порталы Богдан Вэтэжелуды 500 мың еуроға бағалап отыр.