Бойы ұзындар шеруі

25.04.2011, 19:14
Бойы ұзындар шеруі
Қазақстан футболында бойы ұзын аяқдопшылар жеткілікті. Премьер-лигада өнер көрсететін 12 команда қатарында бойы 2 метрден асатын да ойыншылар бар екен. Барлық ойыншылардың тізімін қарай келе біз Қазақстан футболындағы ең ұзын футболшы деп қақпашы Денис Төлебаевты таныдық. Өскеменнің «Восток» командасының қақпасын қорғап жүрген Денистің бойы 2 метр, 3 сантиметр екен.   Сонымен біз дәл осындай бойы мен ойы бар жігіттерден құралған өзіміздің команданың ұжымымен таныстырсақ. Қақпашылар Кезінде «Қайрат» сапында өнер көрсеткен Денис Төлебаев осы маусымнан бастап «Восток» сапына ауысты. Вахид Масудов баптайтың команданың әрқашан қорғанысы жақсы болатынын ескеретін болсақ онда бұл жігітке ерекше жүк артылған. Сағыздай созылып қиын соққыларды қайтарғанда Төлебаевтың бойының игі ықпалын көресіз. Ал енді бойы ұзын қақпашылардың ішінде жақсы жетістіктерге жетіп жүрген ұлттық құраманың қақпашысы Александр Мокинді атап өтуге болады. 192 сантиметр бойы бар Мокин бұл күндер қарағандылық «Шахтер» командасының қақпасын күзетуде.  Қорғаушылар Әлем футболанда соңғы кездері бойшаң қорғаушыларың болмаса, жағдайың қиын. Дене тұрқы мығым келген шабуылшыларды тойтарып, қауіптің бетін сейілтетін тасқамал жігіттердің де командада алар орны ерекше. Аталған орындағы ең ұзын ойыншы ол – Алдин Джидич. Өткен жылы қарағандылық «Шахтердің» шабуылында өнер көрсеткен босниялық аяқдоп шебері биылдан бастап ұжымның қорғаушысы болып тіркеліпті. Бойы 2 метрге 2 сантиметр жетпейтін Джидич қорғаныста да осал тартпайтыны белгілі. Одан кейінгі орында таза қорғаныс мәселесінде Максим Жалмағанбетовты ерекше атап өтеміз. Кезінде голландиялық маман Арно Пайперс бұл жігіттің талантын жазбай танып, ұлттық құрамаға шақырған еді. Міне, содан бері өзінің физикалық ерекшелігін жөнімен пайдаланып жүрген Максим әуелеп ұшқан кез-келген пасқа тойтарыс беріп жүр. Жартылай қорғаушылар «Сен маған жартылай қорғаушыларыңды көрсетсең, мен саған командаңның қандай екенін айтып берем» деген мақалдың да жөні бар. Ойынның негізгі бөлігінде допқа иелік етіп, команданы жүргізетін де осындай 4 дөңгелек болады. 4 дөңгелек – 4 жартылай қорғауша қалай жүрсе, ойының да солай жүреді. Бойы ұзын жартылай қорғаушылар негізінен мұндай жағдайда ойнауға икемсіздеу келеді. Ортада ойнайтындар көбінесе жерге жақын, тез, жылдам, шапшаң қимылдайды. Ал бойы ұзындар табиғатынан асықпай, баяу қозғалады. «Жетісу» сапында ойнайтын Алексей Щеткин бұл арада озық тұр. Оның бойы 193 см. Тәуір ойынымен көзге түсіп жүргендерден чехиялық легионер Стефан Кучераны да атап өткен дұрыс. Шабуылшылар Шабуылшының бойы мен күш-қуаты мықты болғаны сән әрі жөн. Питер Краучтың дене тұрқы мығым болмағанымен де, бойының арқасында қаншама керемет голдардың авторы атанды. Баспен соққан голдарының барлығы әдемі. Сонымен бірге ол ұзын аяқтарымен жата қалып, қайшылап тепкенде жанкүйер қауымның делебесі қозады. Ондай ұзын шабуылшылар біздің біріншілікте де баршылық. Мысалы, қостанайлық «Тобылдың» шабуылшысы Сергей Гридин. 194 см бойымен әуелеп келген доптың барлығына таласып бағады. Ал осы күні өзінің бойымен ойынын бір қалыпта ұстап, сол қабілеттерін жақсы қырынан пайдаланып жүрген тек Сергей Остапенко. Ұлттық құраманың шабуылшысы жас кезінде өзінің бойының арқасында үлкен футболға келген деген де әңгіме бар.    Бойы ұзындар құрама командасы: Қақпашылар Денис Төлебаев (1987, 203 см). «Восток» Антон Цирин (1987, 195 см). «Ертіс Қорғаушылар Мартин Ковачев (Болгария, 1982, 192 см), «Восток» Алдин Джидич (Босния, 1983, 198 см), «Шахтер» Владимир Седельников (1991, 194 см), «Восток» Максим Жалмағамбетов (1983, 195 см) «Ертіс» Жартылайқорғаушылар Алексей Щеткин (1991, 193 см), «Жетісу» Николай Орловский (Молдова, 1985, 193 см), «Қайсар» Владимир Логиновский (1985, 192 см), «Жетісу» Марко Джорджевич (Сербия, 1983, 192 см, «Қайрат» Стефан Кучера (Чехия, 1984, 191 см), «Тобыл» Виктор Ковалев (1980, 190 см), «Жетісу» Градемир Црнагорац (Босния, 1982, 190см), «Қайсар» Шабуылшылар Сергей Гридин (1987, 194 см), «Тобыл». Сергей Лисенков (1991, 193 см), «Ақтөбе» Сергей Струков (Ресей, 1982, 192 см), «Қайрат» Иван Перич (Сербия, 1982, 192 см), «Ордабасы» Сергей Остапенко (1986, 191 см), «Жетісу»

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×