"Бока Хуниорстың" бабы мен бағы қатар шабуда

14.12.2011, 21:42
"Бока Хуниорстың" бабы мен бағы қатар шабуда
Аргентина чемпионатында   атақ-даңқы асқан байырғы клубтардың ішіндегі бірегейі - Бока-Хуниорс әзірге өзгелерді  маңына жуытар емес. 19- турда Буэнос-Айрестің намысын жыртып жүрген беделді команда тағы да жеңіске жетті. “Альберто Хакинто Армандо” атындағы стадионда ортаңқол клубтардың бірі “Олл Бойзды” қабылдаған  алаң  иелері  көпке дейін есеп аша  алмай дал болды. Кездесудің 78 минутында  Аргентинада туып өскен тегі хорват Дарио Цвитанович   бәсекенің түйінін шешкен жалғыз голдың авторы атанды.  Ойын соңынан “апертураның”,  яғни бірінші айналымның чемпионын марапаттау  рәсімі ұйымдастырылып,  оның соңы  отшашуларға ұласты.  “Клаусура” аталатын Аргентинаның көктемгі   чемпионатына дейін әлі уақыт бар. Оған дейін  “Бока Хуниорсты”  құрлықаралық кубогы  үшін Италияның “Миланымен” күш байқасатын болады.  түседі.  Бұл матч 14 желтоқсан күні Жапонияда өтеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×