Болат Есмағамбетов: «Астана» қиындыққа тап болмауы тиіс

24.07.2025, 15:27

Танымал отандық маман Болат Есмағамбетов  Конференция лигасындағы «Астананың» қарсыласын шамалап көрді.

Болат Есмағамбетов: «Астана» қиындыққа тап болмауы тиіс
  • Қазақстан чемпионатының құны Молдовадан қарағанда 3 есе қымбат. Алайда УЕФА рейтингісінде Молдова 33-орында тұрса, Қазақстан чемпионаты 39-орынға жайғасқан. Әйтсе де, бұл көрсеткіштердің артуына «Зимбрудың» айтарлықтай үлесі жоқ. Клуб кейінгі жылдары еурокубоктың екінші айналымынан аса алмай жүр. Ал «Астана» кәрі құрлықтың топтық кезеңінде тұрақты ойнап жүрген ұжым. Футболшылардың сапасы өте жоғары. Бұл кезеңде елордалықтар айтарлықтай қиындыққа тап болмауы тиіс.

Сондай-ақ, отандық маманымыз Дженнифер Лопестің концертіне байланысты «Астананың» бірінші ойынды елорда төрінде өткізуі қаншалықты әсер ететіндігін де айтты.

  • «Астана» - тәжірибелі клуб. Олар үшін бірінші ойын сыртта немесе өз үйінде өткізудің айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Кезінде түзде соғылған доп қатты рөл ойнайтын. Қазір ереже өзгерген, - деді Болат Есмағамбетов.

Айта кетейік, «Астана» клубы 602 күннен кейін «Астана Арена» стадионында еурокубок ойынын қабылдамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×