Болат Есмағамбетов: Федерация мойнына үлкен жауапкершілік алуы тиіс

03.10.2025, 14:17

Танымал жаттықтырушы Болат Есмағамбетов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін кандидаттар жайлы пікірін білдіріп, ойын ортаға салды.

Болат Есмағамбетов: Федерация мойнына үлкен жауапкершілік алуы тиіс
Талғат Байсуфинов

«Енді бұл бізде жыл сайын айтылатын әңгіме ғой – өзіміздің бапкер болсын, жоқ шетелден аламыз деген дилемма. Байқағаным, отандық мамандарға сенім артпайтын сияқты. Шетелдік жаттықтырушы іздеп жатыр екен. Бірақ, кім келсе де, нәтиже бере алмаса, тағдыры белгілі. Оны да «қуады» ғой. Бізге алды-артын ойлайтын, нақты стратегиясы бар бапкер керек. Кезінде Гус Хиддинкті білеміз Оңтүстік Кореяны көтеріп кетті. Бізге де сондай адам керек шығар, тек басты құрама емес, жастар, жасөспірімдер командасымен жұмыс істейтін менеджер қажет деп есептеймін. Ал әзірше Байсуфиновке үміт артуда, оған Әлиевті көмекші етіпті. Бірақ, уақытша көрінеді, түбінде шетелден әкеледі деп естіп жатырмыз. Онда да бірнеше нұсқалары бар. Федерация мойнына үлкен жауапкершілік алуы тиіс», - деді белгілі бапкер «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.

Жақында Талғат Байсуфинов ұлттық командаға бас бапкер міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған еді. ҚФФ тұрақты түрде тізгінді шетелдік маманның біріне тапсырмақ ниетте. Оның кім болатыны әлі белгісіз. Бірнеше кандидаттың арасында еуропалық жаттықтырушылардың есімі белгілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×