Болат Есмағамбетов: «Қайрат» үшін мықты трансфер деуге келмейді

Бүгін, 07:51

Танымал бапкер Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына сұқбат беріп, «Қайраттың» жаңа футболшысы финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксанен туралы пікірін айтты.

Болат Есмағамбетов: «Қайрат» үшін мықты трансфер деуге келмейді
Яакко Оксанен

Болат Есмағамбетовтің өзі кезінде Финляндияда өнер көрсетіп келген, екі чемпионат пен қос елдің футболшылары туралы салыстыратындай білімі бар.

«Яакко Оксаненнің ойынын «Қайратқа» қарсы қарымта кездесуде тамашалағам. Орталық жартылай қорғаушы, сол аяқты ойыншы екен. Ол матчта артқы жартылай қорғаушы рөлін атқарды. Бірден айтайын, «Қайрат» үшін мықты трансфер деуге келмейді. Оған дейін артқы жартылай қорғаныста Арад, Глейзер, біздің жігіттерден Қасаболат, Тапалов та ойнады. Фин футболшысы бұлардан мықты деп айта алмаймын. Бірақ, енді қазір транфер нарығында жақсы ойыншы табу қиын ғой. Білмеймін, Оксаненнің Алматыдағы ойыны көңілімнен шыққан жоқ. Ол кезде ойыны жүрген жоқ па, білмедім. Жалпы айтқанда, финляндиялық футболшылар тәртіпті, командалық ойыншылар. Таласта аяқтарын тартпайды, қайсар келеді. Бапкердің нұсқамасын бұлжытпай орындайды. Қазір «Қайратта» түсініксіз жағдай  – Арад кете ме, Глейзер ше? Белгісіз. Келісімшарттары біткен шығар. Жаңа футболшы осылармен бір деңгейде, бірақ олардан мықты емес. Өзім сол Вейккауслиигада ойнадым (Финляндия чемпионаты, ред) дәл сол кезде Самми Хююяпяға қарсы өнер көрсеткем. Ол орталық қорғаныста ойнайтын. Келесі маусымда «Ливерпульге» кетті, оның деңгейі әрине сұрапыл еді. Финляндия біріншілігінде өзгелерден көш ілгері екенін көзге ұрып тұратын. Енді Оксаненнің бейімделуін күтеміз 2 жылға келісімшартқа отырыпты. Ол жақта басқа менталитет, бұл да әсер етеді», - деді Б. Есмағамбетов.

25 жастағы жартылай қорғаушы биыл ЧЛ екінші іріктеу кезеңінде «КуПС» сапында «Қайратқа» қарсы өнер көрсетіп, өз алаңындағы матчта гол салған еді. Алматылық клуб футболшының көмегімен орталық алаңдағы позицияны күшейтуді көздейді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×