Болат Есмағамбетов: Қазақстан құрамасына жақсы бапкер келеді деп ойламаймын...

11.09.2025, 12:10

«Аладоп.кз» отандық маман Болат Есмағамбетовпен хабарласып, Қазақстан құрамасының болашағы мен бас бапкеріне байланысты ойын білген еді.   

Болат Есмағамбетов: Қазақстан құрамасына жақсы бапкер келеді деп ойламаймын...
Қазақстан - Уэльс кездесуі

«Қазақстан құрамасына жақсы бапкер келеді деп ойламаймын. Неге дейсіз бе? Біздің құраманы тізгіндеу деген «электрический стул». Өзінің репутациясын құртып алса, кейін жұмысқа тұру үшін өте қиын. Ұсыныс түскен адам, мойындалған маман болса жақсылап тұрып ойланады, барайын ба, бармайын ба деп. Сондықтан, бізге осы іріктеуді өткізіп, сосын барып ойлану керек. Енді Әли Әлиев кеше кетемін деп еді, енді айнып қалыпты. Кетіп тынған жағдайда, сол Нұрбол Жұмасқалиевті көруге болады. «Тобыл» бірінші орында келеді, Кубокте де финалға шықты. Жұмасқалиев құрамаға келсе, көп нәрсені өзгертеді. Оған 100 пайыз сенімдімін», – деді бапкер.

Әли Әлиев ӘЧ-2026 іріктеуі аясында Бельгияға қарсы ойыннан кейін өз қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Ұлттық команда іріктеу турнирінде 5 матчта 3 ұпай жинап, соңғы орындардың біріне жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×