Болат Есмағамбетов Қазақстан – Уэльс ойыны жайлы: нәтижеге жауапты – бапкер...

05.09.2025, 15:07

Танымал бапкер Болат Есмағамбетов Қазақстан – Уэльс кездесуін қортындылап, бас бапкер Әли Әлиевтің жұмысына баға берді.

Болат Есмағамбетов Қазақстан – Уэльс ойыны жайлы: нәтижеге жауапты – бапкер...
Әли Әлиев

Кеше ұлттық команда Астанада Уэльстен жауапсыз бір доп жіберіп, ӘЧ-2026-ға шығу мүмкіндігінен түбегейлі айырылды. 

«Ойынға дейін Қазақстан жеңілмейді-ау деген сенім болған. Ал матчтың өзіне келер болсақ, біздің команданың допты қонақтарға беріп қойып, қорғанысқа ойысқаны мені таңқалдырды. Алаң иелері шектен тыс қонақжайлылық танытқандай көрінді. Десе де, Уэльс футболшылары да бірден іске көшпей, ақырындап пас алмасып, тізгінді жайлап қолдарына алды. Қазақстанның «доп жібермеу» миссиясы 24-минутта күл талқан болды. Бірінші таймда өзіне-өзі мүмкіндік жасаған Ғалымжан Кенжебек есте қалды. Иә, нәтижеге жауапкершілік бапкердің мойнында. Бұл - жазылмаған заң”, – деді Б. Есмағамбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×