Болат Есмағамбетов: мұндай деңгейге «Қайрат» барлық жағынан дайын болған жоқ

Бүгін, 17:13

Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» тілшісі Мұрат Мұқашұлына сұхбат беріп, «Қайраттың» ЧЛ жалпы кезеңіндегі өнерін қортындылап, бағасын берді.

Болат Есмағамбетов: мұндай деңгейге «Қайрат» барлық жағынан дайын болған жоқ
"Арсенал" - "Қайрат" кездесуі

«Мұндай деңгейге «Қайрат» барлық жағынан дайын болған жоқ. Легионерлерінің деңгейі, дайындық тұрғысынан да деуге болады. «Карабахты» алып қарасақ, легионерлері қандай? Өте мықты! Әзербайжан клубы олардың барлығын сатып алған, әшейін келген емес. Ал «Қайратта» көбісі әшейін келген легионерлер ғой. Енді биыл алматылық клуб тағы чемпион болды. Команда енді күшею үшін біраз шығындануы керек шығар?! Сапалы легионер ала ма, мүмкін өзіміздің жігіттерден қарайды. Ол жағын енді басшылығы шеше жатар. Ал әзірге трансферлік терезе сәуірге дейін ашық болады. Қазір «Қайратта» ақша бар, сатып алуға да болады. Ақшаға алсаң ертең сатуға болады дегендей. Скаутинг бар, ойланып әрекет етсе, жаман болмайды деп ойлаймын», - деді Б. Есмағамбетов.

«Қайрат» ЧЛ жалпы кезеңінде 36 команданың арасында ең соңғы орын алды. Алматылық клуб 8 матчтың біреуін тең аяқтап, қалғанын ұтылған.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×