Болат Есмағамбетов Намибияға қарсы матч жайлы: Қазақстан керемет ойын көрсеткен жоқ

Бүгін, 18:03

Танымал бапкер Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтының тілшісі Мұрат Мұқашұлына берген сұқбатында Қазақстан құрамасының Намибияға қарсы кездесудегі өнерін бағалап, пікірін айтты.

Болат Есмағамбетов Намибияға қарсы матч жайлы: Қазақстан керемет ойын көрсеткен жоқ
Қазақстан құрамасы

Ұлттық команда Ян Вороговский мен Әлібек Қасымның дәл соққыларының арқасында 2:0-мен жеңіске жеткен.

«Жолдастық кездесу болса да ФИФА-ның рейтингіне кіреді. Сол үшін жеңіске жету маңызды. Біздің команда негізгі құрамда шықты. Сондай бір басымдық болмаса да, ойын тізгінін ұстады. Қазақстан екі таймда екі гол салды, Намибия құрамасының қорғаушылары өрескел қателік жіберген. Нәтиже заңды деуге болады. Бұрын бізде шабуылшылар жетіспейтін. Қазір жағдай өзгерген. Тіпті бас бапкер алдыға қайсысын қоямын деп бас қатырып жүрген болуы да мүмкін. Әйтсе де шабуылда Қазақстан керемет ойын көрсеткен жоқ. Намибияның қорғаушылары жақсы ойнады. Шамалары келгенше қарсылық танытты. Мұндай ойындар керек. Бұл жерде бапкерлер түрлі құрам қояды, тексеріп көреді футболшыларды. Жаңа ойыншыларды шақырады. Кім қандай деңгейде, шамасы қандай дегендей әркімді тексеріп көреді. Одан кейін мұны Ұлттар Лигасына дайындық деуге болады. Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтаймын. Бірінші ойын болған соң шамалы эмоция да болған шығар деп ойлаймын», - деді Б. Есмағамбетов.

ФИФА қауымдастығы аясындағы шағын турнирде Қазақстан, Намибиядан бөлек Комор аралдарының командасы бар. Талғат Байсуфинов жаттықтыратын ұлттық команда 3 ұпаймен көш бастап тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×