Болат Есмағамбетов: Наниге құртқан ақшаға неге Мрынскийді сатып алмады?

Бүгін, 15:10

Танымал маман Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтының тілшісі Мұрат Мұқашұлына сұқбат беріп, ҚПЛ клубтарының трансферлік саясатын сынады.

Болат Есмағамбетов: Наниге құртқан ақшаға неге Мрынскийді сатып алмады?
Луиш Нани

Белгілі функционер атап айтқанда «Ақтөбенің» Луиш Нанимен келісімшартын сынға алып, пікірін білдірді.

«Мысалы, «Анжи», «Бунедкор». Бұл жобалардың арты не болды?  Ешқайсысы оңған жоқ. Бұл жай ғана ақшаны желге шашу. Неге сол ақшаға Мрынскийді алмады? Ақтөбенің жігіті. Қайтып алуға болатын еді ғой, оның үстіне «Қайратпен» келісімшарты аяқталып қалған болатын. Неге сол ақшаны соған бермеске? Біраз ойнат та Еуропаға сатып жібер – ұлттық құрама команданың мүшесі, жас футболшы. Өзіміздің де жігіттер бар еді ғой, неге соларды өсіріп, қайырымын көрмейміз? Бұл бизнес емес пе. Кәсіпкерлерде футболға деген көзқарас дұрыс емес секілді меніңше, әлі де қай жағынан келуді білмей жүрген секілді. Ақша бар, соны бөлді де тастады. Ал оны кім, қалай дамытады, қалай жұмсау керек?.. Ол жағына ешкім бас қатырғысы келмейді», - деді Б. Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.

Айта кетейік, «Ақтөбе» португалиялық әйгілі вингер Луиш Наниді қатарына қосты. Жартылай қорғаушы «ақ-қызылдармен» 1 жылға келісімшартқа отырды. Аңыз футболшы жасыл алаңда ғана емес, клубтың халықаралық пиарымен де айналысады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×