Болат Есмағамбетов: «Спарта» Қазақстан чемпионатындағы клубтар секілді құрамын жиі ауыстырмайды

24.07.2025, 17:05

Танымал отандық маман Болат Есмағамбетов  Конференция лигасындағы «Ақтөбенің» алдағы чехиялық қарсыласын бағамдады.

Болат Есмағамбетов: «Спарта» Қазақстан чемпионатындағы клубтар секілді құрамын жиі ауыстырмайды
  • «Спарта» клубы өткен жылы ғана Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсеткен. Жарыс барысында олар «Зальцбургты» жеңіп, «Штутгартпен» тең түсті. «Спарта» Чехия чемпионатында тек өткен жылы ғана 4-орынға түсіп қалды.  Әйтпесе футболшылары мен бапкерлері өте мықты. Бір ерекшелігі – «Спарта» өз тарихында екінші мәрте ғана Конференция лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынап жатыр. 2023 жылы екінші айналымда Норвегияның «Викинг» командасына сенсациялық түрде есе жіберген еді. Бірақ «Ақтөбенің» айды аспанға шығаратынына сенбеймін. Неге? Себебі, көктем – күз мезгілінде ойнайтын ақтөбеліктер ойын ырғағын толық қалыптастырмаған «Легияға» бір доп та соға алмады. Оның қасында «Спарта» әлдеқайда мықты. Чехиялықтардың басты айырмашылығы – Қазақстан чемпионатындағы клубтар секілді құрамын жиі ауыстырмайды. Бір құраммен ойын стилін қалыптастырып, аздаған ғана өзгерістер жасайды, - деді Болат Есмағамбетов.

Айта кетейік, «Ақтөбе» - «Спарта» арасындағы ойын бүгін 21:00-де «Қобыланды батыр» атындағы стадионда өтеді.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×