Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов «Спортинг» - «Қайрат» кездесуіне қатысты ойын ортаға салып, алматылық клубтың өнері бағалады.
Кеше Рафаэль Уразбахтиннің командасы сырт алаңда 1:4 есебімен ұтылған. Жалғыз голды қонақтар сапында Эдмисон салды (86-минут).
«Спортинг» алғашқы минуттан үлкен күшпен шабуылдаған. Мұндай қарсыласпен ашық ойнау өте қиын. «Қайраттың» мақсаты - сапалы, сауатты қорғанып, алдыдағы мүмкіндіктерін жүзеге асыру болатын. Бірақ, қарсылас алматылықтарды қорғаныстан шығармай қойды десе де болады. «Қайрат» ойыншыларынан әлдеқандай бір қобалжу байқалған жоқ. Алматылықтар өздерінің мәнерінде өнер көрсетті. Кеше сол «Слован», «Селтикке» қарсы ойынын көрдік. Бірақ, «Спортинг» футболшылары ол екеуінен де бір бас жоғары тұр. Үзілістен кейін 10 минуттай жақсы ойын болды. Сәтпаев, Жоржиньо сол кезде салуы керек еді. Бірақ, жігіттер соны жүзеге асыра алмады. Қарсылас қақпашысы да жақсы тұрады екен, командасын кәдімгідей құтқарып қалды», - деді танымал маман «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.
Енді ЧЛ 2-туры аясында «Қайрат» - «Реал» Мадридті қабылдайды. Бұл бәсеке 30-қыркүйекте өтеді.