Қазақстандық бапкер Болат Есмағамбетов ЧЛ негізгі кезеңі аясындағы «Спортинг» - «Қайрат» кездесуіне болжам айтып, алаң иелерінің мықты тұсын айтты.
Бүгін ҚПЛ чемпионы сырт алаңда «Спортингке» қарсы тұрады.
«Спортингтің» шабуылдайтыны анық, қазір алаң иелерінің қарқыны күшті. Португалия чемпионатында екінші келеді, орталық шабуылшылары сұрапыл – Луис Суарес. Ортада Гонсалвеш дейтін футболшылары бар. Шабуылшының астында ойнайтын ойыншыларын да атап өтуге болады. Бұлардың барлығы чемпионат басталғалы 4-5 голдан ұрып тастаған. Бабында деген сөз. Алаң иелерінің сапындағы осы 3 футболшы Португалия чемпионатындағы үздік шабуылшылардың қатарында тұр. Ең алдымен осы үшеуін абайлау керек», - деді Б. Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.
ЧЛ 2-туры аясында «Қайрат» - «Реал» Мадридті қабылдайды. Бұл бәсеке 30-қыркүйекте өтеді.