Болат Есмағамбетов: таза шабуылшы мәселесін «Тобыл» әлі де шешкен жоқ

Бүгін, 11:56

Танымал маман Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына сұхбат беріп, жаңа маусым алдында «Тобылдың» мүмкіндіктерін бағалап, басты мәселесіне назар аударды.

Болат Есмағамбетов: таза шабуылшы мәселесін «Тобыл» әлі де шешкен жоқ
Ахмед Эль-Мессауди

«Ахмед Эль-Мессауди мен Ислам Чесноковтың жоқтығы «Тобыл» үшін үлкен мәселе. Өткен маусымда қостанайлықтарды сүйреген осы қос футболшы емес пе?! Голды да салды, пасты да берді. Команданың алдыңғы шептегі ойынын жасады деуге болады. Эль-Мессауди мен Чесноковтан кейін «Тобылға» жаңа шабуылшы табу өте қиынға соғады. Таба алмайтын да шығар. Өйткені, шабуылшылар өте қымбат тұрады. «Тобыл» тура маусымның алдында осындай бір үлкен мәселеге тап болып отыр. Енді солардың орнын Дәурен Жұмат пен Дамир Маратпен толтыруды көздеген сияқты. Алайда, олар шабуылды тереңнен бастайтын футболшылар. Ал таза шабуылшы мәселесін «Тобыл» әлі де шешкен жоқ», - деді Б. Есмағамбетов.

«Тобыл» өткен сенбіде өзінің 4 Суперкубогін еншіледі. Тартысты матчта пенальти сериясында «Қайраттан» басым болды. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталған 2:2. ҚПЛ-2026-ны қостанайлықтар «Ақтөбеге» қарсы кездесумен бастайды (7-наурыз).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×