Болат Есмағамбетовтың мәлімдемесі Өзбекстан жанкүйерлерін дүрліктірді

21.11.2025, 16:05

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Болат Есмағамбетовтің "Ферғана" басылымына берген сұхбаты көрші елдегі футбол жанкүйерлері арасында үлкен талқылауға түсті. Ардагердің Қазақстан мен Өзбекстан футболын салыстыруы өзбек жанкүйерлерінің жаппай қарсылығын тудырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Болат Есмағамбетовтың мәлімдемесі Өзбекстан жанкүйерлерін дүрліктірді

Дядя Ваня телеграм арнасының мәліметінше Қазақстандық ардагер сұхбатта екі елдің футбол деңгейін сөз ете отырып, Өзбекстанның әлем чемпионатына шыққанына қарамастан, Қазақстан құрамасының одан әлсіз емес екенін айтты:

"Иә, Өзбекстан әлем чемпионатына шықты, біз шыққан жоқпыз. Бірақ олардың құрамасы бізден мықты деп ойламаймын. Олар Бельгиямен немесе Уэльспен ойнады ма? Жапония, Австралия, Корея да басқа топтарда болды. Ал клубтық деңгейде Азиялық футболды Еуропамен салыстыру тіпті мүмкін емес. УЕФА – футболдың элитасы. Қазақ жанкүйерлері “Интер”, “Реал”, “Арсенал” секілді клубтардың ойыншыларын көреді, ал біздің клубтар солармен қарсы ойнап жүр.” – деді ол.

Бұл пікір Өзбек тарапында бірден эмоцияға толы реакция туғызды.

Көрші мемлекеттің жанкүйерлері Есмағамбетовтың сөзін жоққа шығаратын бірнеше нақты деректі алға тартты:

Екі елдің ұлттық құрамалары 7 матч өткізген:

  • Өзбекстан — 3 жеңіс,
  • Қазақстан — 1 жеңіс,
  • 3 ойын — тең.

2024 жылы U-20 және U-21 командалары екі рет жолықты. Екі матчта да Өзбекстан жеңді:

  • 1:0,
  • 3:1.

FIFA рейтингі:

  • Өзбекстан — 50-орын,
  • Қазақстан — 115-орын.

Құрамалардың нарықтық құны:

  • Өзбекстан құрамасы — €63,5 млн,
  • Қазақстан құрамасы — €19,5 млн.

Еуропаның үздік лигаларында ойнағандар:

Өзбекстаннан топ клубта ойнайтын 3 футболшы бар:

  • Абдукодир Хусанов (Манчестер Сити)
  • Ильяс Зейтуллаев (Верона, Торино)
  • Элдор Шомуродов (Рома, Дженоа)

Ал Қазақстан құрамасынан әзірге мұндай деңгейге жеткен ойыншы жоқ.

Болат Есмағамбетовтің пікірі Қазақстан футболын қорғу әрекеті болғанымен, Өзбекстан жанкүйерлері статистикалық және фактілік дәлелдер арқылы оған қарсы жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×