Болгар маманы “Спартактың” миллиондарынан бас тартты – Мәскеулік клуб “Қайраттың” ескі танысын таңдады

11.01.2026, 20:00

Қазақстан футболына жақсы таныс маман Станимир Стоилов Мәскеулік "Спартактың" ұсынысын кері қайтарды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Болгар маманы “Спартактың” миллиондарынан бас тартты – Мәскеулік клуб “Қайраттың” ескі танысын таңдады

Болгарлық бапкерге ұсынылған жалақы мөлшері еріксіз таңдай қақтырады.

2,5 миллион еуродан бас тарту

ShootAndGoal басылымының мәліметінше, қазіргі таңда түркиялық "Гезтепе” клубын жаттықтырып жүрген Стоиловқа "Спартак” жылына 2,5 миллион еуро жалақы ұсынған. Алайда, "Астананы” Чемпиондар лигасына алып шыққан бапкер бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартқан.

Қазақстан футболымен байланыс

Стоиловтың бас тартуынан кейін, Mәскеулік клубтың таңдауы Кипрдің "Пафос" клубының бапкері Хуан Карлос Карседоға түсті. Бұл маман да Қазақстанға таныс. Ол жуырда ғана Чемпиондар лигасы аясында "Пафос" командасын Алматыға бастап келіп, "Қайратқа” қарсы матч өткізген болатын.

Стоиловтың феномені

58 жастағы Станимир Стоилов Қазақстан футболының тарихындағы ең табысты бапкерлердің бірі. Ол "Астанамен” бірге ел чемпионы атанып, Қазақ клубтары арасында алғаш болып Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды және Қазақстан ұлттық құрамасын баптап, ел футболының деңгейін көтеруге үлес қосты.

Сарапшылардың пікірінше, Стоиловтың Ресейге бармауы оның қазіргі жобасына ("Гезтепе") деген адалдығын немесе басқа да стратегиялық жоспарларын көрсетсе керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×