Боливия чемпионатында 45 метрден әдемі гол соғылды
21.05.2015, 23:33
Боливияның «Стронгест» командасында ойнайтын жартылай қорғаушы Эрнесто Кристальдо біріншіліктегі ең әдемі голдардың бірін салды.
Боливия чемпионатының 22 турында «Стронгест» пен «Хорхе Вилстерманн» кездесіп, ойын 2-2 есебімен тең аяқталған. Кристальдо ойынның 5 — ші минутында қарсылас қақпасына алыстан жойқын соққы бағыттап тамаша голдың авторы атанды.
https://www.youtube.com/watch?v=dZeeGxHLl0M
Ішкі біріншілікте «Стронгест» командасы 3 орында келеді. Ал 31 жасар парагвайлық футболшының бұл осы маусымдағы 9 — ы голы болатын.
Абылайхан ЖҰМАШ