Болжам. Алаң иелері аямайды

Еуропа лигасында сәл аты бар, заты бар командалар ойнайды екен. 

Болжам. Алаң иелері аямайды

“Хоффенхайм” – “Динамо” Киев

“Хоффенхайм” деген өзі бір бөлек әлем. Топырлатып гол сала береді, сала береді. Өмірдің рахаты осы екен деп ойнайды. Бірақ, қорғаныс жақ та қалыспай гол жіберіп тұрады. Өткенде 15 минутта “Вердерге” 3 гол салып, сол ойынды жеңіліп қалғаны ше? Бір адам алаңнан қуылып еді, шіріп кетті. Бүгін енді ондай ақымақтыққа бармайтын шығар деген үміттеміз. Шашыраңқы әрі қиналып жүрген “Динамоға” шамасы жетеді деген ойдамыз. Жеңіс бірінші команданыкі. Болды бітті. 

“Порту” – “МанЮнайтед”

“МанЮнайтедтен” әл кеткелі қашан?! Өз алаңында сормаңдай “Тоттенхэмге” 0:3 қадалған соң қоя бер. Арыстандай ақырған “Манчестер” қазір тісі жоқ мысыққа айналды. Бүгін “Портуға” қарсы не көрсетері белгісіз? Жеңіліп қалса тіпті қатып кетер еді. Бірақ, енді елден ұят деп кем дегенде тең түсетін шығар. Осы ойынға тең дегенді алып тәуекелге барғым келіп отыр. 

ПАОК -ФКСБ

Грекияның ПАОК деген командасы өз алаңында жақсы ойнайды. Көп гол салып, жанкүйер қуантады. Кейде жеңіліп жатып, мінез көрсетеді. Талай мәрте камбэк жасап, талай мәрте жігерлі жеңіс тіркеді. Румын клубы да осал емес, алайда, сыртта гректерге шамасы жете қоймас. Менің ойымша ПАОК таза жеңіс. 

“Эльфсборг” – “Рома”

Италия командасы деңгейіне сеніп бара жатыр. “Эльфтерді" елемей жүріп өте салуы ықтимал. Алайда, де Россидің командасы екінші құрамдағы Шомуродовтарды шығарып та жеңе салуы тиіс. Бір бас жоғары команда ғой қанша дегенімен. Тең ойнап, шәрманда болып жүрмейтін шығар. Сондықтан, Ж2 дегенді алғымыз келіп отыр. 

Қалған болжамды біздің телеграм арналардан оқи жүрсеңіздер де болады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
×