Болжам. "Арсенал" жеңетін секілді

Уик-эндтегі матчтар масқара қызық болғалы тұр. 

Болжам. "Арсенал" жеңетін секілді

“Манчестер Сити” – “Арсенал”

Бұл екеуі енді өте жоғары деңгейдің командалары. Екеуі де АПЛдың көшбасшылары. “МанСити” Чемпиондар лигасының матчын өткізіп, 0:0 тең түсті. 90 минут жүріп “Интер” қақпасына гол сала алмады. Эрлинг Холландты сол ойында ешкім көрмепті. Керісінше Илкай Гюндоганның керемет мүмкіндіктері болыпты. Ал “Арсенал” сырт алаңда “Аталантамен” кездесті. Итальян клубы әбден қинап, “зеңбірекшілерді” шаршатып жіберді. Тіпті, гол салуы да ықтимал еді. Тек пенальтиді голға айналдыра алмады. Сондықтан, матчтың тең аяқталғаны “Арсеналға” пайдалы болды десек артық емес.

Екеуі де гол салмай келіп, бүгін ағынан жарылатын шығар. Әдетте бұлардың матчында ары кеткенде 2 гол ғана салынады. Ал бүгін екі команда да гол салады деген болжам беріп, елді таңқалдырғымыз келеді. 

“Интер” – “Милан”

Бүгін 23:45те дәл осы ойын болады. Афишасы арқырап тұрған әдемі ойын. Дерби. Екеуі де бір қалада, екеуі де бір стадионда ойнайды. “Миланның” дәл қазіргі жағдайы мүшкіл. Чемпионатта қарапайым командалармен тең түсіп қалып жатыр. Ал “Интер” Монцамен” тең түскен соң кішкене болса да ес жиған секілді. Лаутаро Мартинес алаңға жиі еніп, бабына келе бастағандай. Негізгі шабуылшы қызметінде қазір ирандық шабуылшы Мехди Тареми. Қасында мүмкіндіктерін мүлт жіберіп ала беретін Маркус Тюрам бар. Жалпы алғанда, “Интер” бұл ойында басым болады. Біз осы команданың жеңісін алғымыз келеді. 

“Вильярреал” – “Барселона”

“Барса” Чемпиондар лигасының матчында опық жеді. “Монакоға” қарсы ойнап жатып Эрик Гарсия алаңнан қуылды. Бұл ойынның небәрі 10-минуты болатын. Содан шаршаңқы болып қалған “Барса” бүгін топырлатып 4 гол салады дегенге сенбейміз. Алайда, кешегі “Реалдың” жеңісінен кейін каталондықтар міндетті түрде 3 ұпай алуы тиіс. Сырт алаңда 1 доп басымдығы болса да жеңеді деп отырмыз. Жеңісіне кеңселер – 1,78 коэфицент беріп отыр екен. 

Бонус ретінде: “Райо Вальекано” – “Атлетико” Мадрид матчында “Райо” гол салады деп – 1,68 коэфиценттік ауыр бәс айтқымыз келеді. Бұл команда негізі тамаша шабуылдап қояды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 2
Күлкілі 3
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×