Болжам. Бар үміт - «Борнмут»

19 шілде күні матчтар көп екен. Тағы бір болжам жазудың реті келді.
Болжам. Бар үміт - «Борнмут»

"Борнмут" - "Саутгемптон"

Англия біріншілігі аяқталуға жақын. АПЛден шығып қалмау үшін жанталасып жатқан "Борнмут". АПЛден бір шықсаң қайтып келу қиын. Оны "Борнмут" жақсы біледі. Сондықтан өз алаңында "Саутгемптонды" әбден тықсыруы тиіс. "Бормут" тоталы 1 көп. 1,43 кэф. Ал негізі өзім "Бормуттың" жеңісін алдым.

"Тоттенхэм" - "Лестер"

Екеі клубқа да ұпай керек. Жозе бапкер ойын мәнерін өзгертіп, "Тоттенхэм" шабуылдайтынды шығарды. Бұрын қорғанысқа жатып алушы еді. "Лестер" жеңілсе төрттіктен шығып қалуы ықтимал. Сондықтан олар да жан алысып жан беріседі. Матч тоталы 2,5 көп. 1,91 кэф. Ол ауыр десеңіздер әлбетте 2 көп деп алуға болады.

"Парма" - "Сампдория"

Бұл бір нағыз футбол мерекесі болуы тиіс матч. Екі ұжым да шабуылдағанды жақсы көреді. "Парма" ойнаған матчында гол салады. Соңғы кездері "Сампдория" да күшейіп алған. Қос ұжымның қорғанысы нашар. Екі команда гол салады деген бәсті таңдадым. 1,72 кэф.

"Дженоа" - "Лечче"

Бұлар нағыз қырқысқа келіп тұр. Аралары бір ғана ұпай. "Лечче" бір аяғымен Б сериясына түсіп тұр. Соңғы матчтарда бар күшін салып көрмек. Өткен турда "Лечче" үмітті ақтамады. Осы ойынға тың болып келгені белгілі. "Дженоа" сәл әлсідеу. Дегенімен, намысқа тырысатын кез келді. Алаң иелеріне тең нәтиже де жетеді. Ең бастысы "Лечче" ұтып кетпесе болды. Мен сонда да "екі команда гол салады" деген бәсті алдым. Жігіттер аянбауы тиіс.

"Наполи" - "Удинезе"

"Удинезе" өткен турда "Лациомен" ойнап әбден шаршады. Кевин Лазанья бірге бір шығып гол салмады. Әріптесіне де пас бермеді. Шабуылдағы әріптестері кішкене ренжулі қалды. Гаттузоның командасына 3 ұпай қажет. Әйтпесе, чемпионатты 7 орында аяқтауы мүмкін. Тіпті "Сассуоло" қуып жетіп алуы да ықтимал. Өткен турда "Наполи" Болоньямен" тең түсіп қалды. Осы ойында жеңіс керек, Ж1.

"Рома" - "Интер"

Кешіміздің ең мыты кездесуі. Концерттің соңында халық әртісі шығады ғой, сол секілді бұлар да қорытындылағалы тұр. Жарнамасы жарқырап тұр. Антонио Конте СПАЛмен өткен ойында біраз жігіттерге демалыс берді. Әсіресе, Ромелу Лукакуге. Мына матчқа ол тың келеді. "Аталанта" тең ойнап қалғандықтан "Интердің" қазір екінші орынға шығатын сәті туып тұрғандай. Бірақ, "Романы" жеңе салу оңай болмас. Екі команда да гол салады, "Интер" тоталы 1,5 көп дегенді алар едім. Ал ең сенімдісі бұл ойынның бұрыштамасы 10,5 көп.

Әркімнің өз пікірі бар. Әлбетте біреудің пікірі кейде ұнап жатады. Сіздерге менің қай болжамым ұнады, жаза отырыңыздар.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×