Болжам. «Барселона» тағы сүрінеді-ау

05.07.2020, 21:40
Чемпионаттар аяқталуға жақын, ал ойындар болжауға қиын.
Болжам. «Барселона» тағы сүрінеді-ау

"Осасуна" - "Хетафе"

"Осасуна" қарымта шабуылда керемет ойнайды. "Хетафеге" ұпай керек. Демек матч тоталы 1'5 көп болады.

"Вильяреал" - "Барселона"

Месси бүлік шығарып, кетемін деді. Сондықтан "Барса" ойнап жетістірмес. Екі команда да гол салады дегенді алуға болады. "Вильяреал" гол салады.

"Интер" - "Болонья"

Өткен ойында Лукаку қосалқы құрамда қалды. Лаутаро да ауысты. Конте бүгін екеуін де шығарады. "Болонья" бұрыштамалар көтеріп жүргенде "Интер" 2 гол соғады. Сіздерді қайдам мен "Интердің" жеңісін алдым.

"Кальяри" - "Аталанта"

"Аталанта" ұтуы тиіс. Жеңіс екінші команданыкі. Гасперинидің ұжымына ұпай ауадай қажет.

"Парма" - "Фиорентина"

Алаң иелері гол салады. Жервиньо мен Кулесевский бар, болмаса Корнелиус гол салар.

"Наполи" - "Рома"

Екі команда да гол салады. "Рома" ұпай жоғалтып алды. Бүгін Фонсеканың командасы барын салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×