Болжам. Бундеслигадағы бетондар

Кеше «Лейпциг» «Хоффенхаймды» 2-0 есебімен жеңді. Матч Зинсхаймда өтті.
Болжам. Бундеслигадағы бетондар

"Вольфсбург" - "Фрайбург"

"Вульвз" еуропа лигасына ұмтылып жүр. Сондықтан да осы ойында жеңілмесе жеткілікті. Ал негізі жеңіс қажет екені түсінікті. "Вольфсбургты" "Хоффенхайм" мен дәл осы "Фрайбург" қуып келеді. Дегенімен жасылдар 4-5 ұпай алға озып кетті. Осы матчта негізгі бәсекелеске жеңілмесе өз орнын нық сақтап қалады. Сондықтан бұл матчта топырлаған голдар бола қоймас. Екеуі де сабырмен ойнайды. Негізі "Вольфсбургтың" сүйікті есебі 1-0 ғой. Сондықтан да бұл матчқа жалпы тотал 3,5 кем дегеніміз дұрыс.

"Кельн" - "Унион" Берлин

"Кельннің" шабуылы ұнайды. Әсіресе Антони Модест. Өткен турда оның голы ғаламат болды. Тоқтатпай тепті. Өзі негізі Джон Кордобаның орнына кірген еді. Кордобаның өзі де мықты ойнап қояды, негізі. Сондықтан да, өзінен төмен тұрған "Унионның" қақпасына "Кельн" бетон гол соғады.

"Бавария" - "Боруссия" М

"Бавария" сапынан бүгін Мюллер, Левандовский, Зюле, Арп, Толиссо, Гнабри секілді мықты ойыншыларды көре алмаймыз. "Бавария" бас бапкері Ханси Флик Зиркзее деген жас жігіттерді шығарамын деп айтты. "Баварияға" соңғы қалған 4 ойында 6 ұпай жинаса жеткілікті. Қазір 90 пайыз чемпион болып тұр. Ал "Боруссия" М командасына ұпай керек. Әйтпесе "Байер" оны төртінші орыннан ығыстырып жіберуі ықтимал. Сондықтан да, "Боруссия" М фора +2,5 дегенді алдым. Яғни үш гол айырмашылығымен жеңілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×