Болжам. Бундеслиганың екінші күні

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
17.05.2020, 18:25
Кеше берген болжамдар дәл шықты. Бүгін ше?
Болжам. Бундеслиганың екінші күні

Астана уақыты 19-30де "Кельн" мен "Майнц" кездеседі. "Кельн" 32 ұпаймен турнирлік кестенің 10-сатысындла тұрса, "Майнц" 26 ұпаймен, 15-орынға жайғасты. "Кельн" жалпы осы кезге дейін 39 гол салған. Одан биік тұрған 5 команда мұнша гол салмаған. Демек, "Кельн" гол соққыш. Ал "Майнц" 34 гол соққан. Мысалы, 8-орында тұрған "Шальке" 33 қана гол салды. "Кельннің" гол салатынын түсіндірдім, енді "Майнцтың" да оңай еместігін байқадық. "Майнц" сапында Робин Куяссон деген швед шабуылшысы бар. Биылға ол 12 гол соғып қойған. Оған комектесетін Жан-Филип Матета бар. Сонда менің ойымша мына матчта "екі команда да гол соғады иә" болайын деп тұр ғой. Букмекерлер 1,6 коэффициент ұсыныпты.

"Унион" - "Бавария" ойынына енді аса қатты ойланудың қажеті шамалы. "Бавария" жеңеді ғой. Бірақ, ол жеңеді дегенге 1,2 кожфицент қана. Тәуекелге барғыңыз келмесе ала беріңіз. Ал егер...көбірек кэф керек болса онда "Унион" гол соғады - 1,8 кэф. Осы бір нұсқа маған қатты ұнап тұр. "Баварияға" гол соғу биыл кішкене оңайланған секілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×