Болжам-бұрыш не дейді?

16.04.2011, 07:12
Болжам-бұрыш не дейді?
17-ші сәуір. Испания. Примера дивизион. Реал Мадрид - Барселона Барселонадан (0:5) есебімен алдыңғы матчта ойсырта жеңілген Реал Мадрид, осы ойынды есінде көпке дейін сақтап қалады. Кезекті Испандық «классико» барлық кезедегідей өте тартымды болмақ. Примераның беделді командалары «классико» ойынына жақсы көңіл куйде келгелі тұр. Себебі екі команда да УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финалына жолдаманы жеңіп алды. Ертеңгі матчта «Галактикос» бес рет жеңіліс сериясын үзіп, өздерінің жаңа жеңістеріне жол ашпақшы. Жозе Моуриньо ойыншылары қазіргі таңда өте мықты, және оларды дізе бүктіру оңайға соқпайды. Реалда алып бара жатқан кадрлық проблемалар жоқ. Әрине, бұндай жәйт португал басқаратын команданың керекті нәтижеге қол жеткізіп, каталондықтарды 4 матчтан тұратын ойынның біріншісін жеңістен бастауына итермелейді. Тағдырдың орайына бұл екі команда 18 күнде 4 рет күш сынасып өз жанкүйерлерін қуантпақшы. Олар – бір кездесу Испания чемпионаты аясында, екіншісі – Испания кубогының финалында, ал ең маңызды және де тартымды кездесулер УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финалында болады. Ал Барселонға тоқталатын болсақ, Санпедордан шыққан басты бапкер Пеп Гвардиола алған бағытынан қайтпай өз жігіттерімен қарсыластарын алтын медальдық додада жеңбекші. «Блауграна» келе жатқан ойынды асыға күтуде, себебі жеңіске жеткен күні олар Реалдан 11 ұпайға алшақтап, Реалдың чемпиондыққа деген ниетін бірден жойып жібермекші. Дегенмен, бұдан қорқатын Реал ма? Олар Барселона қақпасына үш ойын қатырынан гол соға алмай жүр. Әрине, Барселонаның жеңіс сериясы өз мәресіне жетуі керек, сондықтан да бүгін Виктор Вальдес қақпасына гол соғылады. Осы жәйттің бәрін ескере отырып мына бәс түрі дұрыс болады - «Тотал Реал Мадрид (1.5) көп – 2.2» коэффицентімен. Әрине, бұл дербілік матч болғандықтан ойын барлық кезде нәтижелі аяқталады. Әдетте бұндай матчтарда голдар әрқашан да бірінші жартыда болады - «1-ші гол 1 мин 27 дейін – 1.98» коэффицентімен. 17-ші сәуір. Англия. Премьер-лигасы. Арсенал Л - Ливерпуль Англияның 18 дүркін чемпионы осы маусымда Премьер Лига кестесінде бар болғаны «алтыншы» орында. Әрине, бұл турнирлік кестедегі алтыншы орын не ойыншыларды, не жанкүйерлерді, не клуб иелерін қанағаттандырмайды. «Мерсисайдықтар» маусым соңында ТОП-4 командалар құрамына кіріп, келесі маусымда УЕФА Чемпиондар Лигасы жарысына қатысуға бел буып отыр. Алдыңғы турда «қызылдар» алтын жүлдеге үміткер Манчестер Ситиді (3:0) есебімен ойсырта жеңген еді. Ливерпуль құрамында «сауысқандар» командасынан келген 22 жасар, үміт артыратын жас шабуылшы Энди Кэррол дубль соққан еді. Кенни Далглиш командасына осы ойында чемпиондық титулға тағыда да бір үміткер Арсенал командасы қарсы ойнамақшы. Сөзсіз, бұл матч 33-ші турдың орталық кезесуі болады. Арсен Венгер ойыншылары Ливерпульге қарсы әртүрлі жарыстарда 2 жыл бойы жеңілмей келеді. Статистикаға жүгенетін болсақ, әрине, канонирлер келе жатқан матчтың фавориті болып табылады. «Қызылдардың» көрсетіп жүрген нәтижелі ойын өрнегі, бұл команданың болашағы зор екендігін көрсетеді. Таңғажайып төрттік - Кёйт, Кэрролл, Мейрелеш и Суарес үлкен шабытпен ойнауда. Егерде осы көңілде ойындарын жалғастырса, онда жарыс жолында кезіккен қарсылатарының бәрінің тас-талқандарын шығарады. Ал, Арсеналдың кадрлық проблемалары бар екені бәріне мәлім. Ойынға жарақат алған - Александр Сонг, Бакари Санья, Денилсон, Йохан Джуру, Томас Вермален және Войцех Щесны ойыншыларының қатысуы екіталай. Бұған қоса жасынан жарқылдаған Андрей Аршавин, командалысы Николас Бендтнер сияқты өздеріне артқан үмітті ақтай алмай жүр. Ливерпульдың осы маусымда Премьер Лига көш басшыларына қарсы матчтарда сапалы ойын көрсетуін ескерсек, онда мына бәс түрі орнықты болады - «Ливерпуль форамен (1) – 1.62» коэффицентімен. Қос команда да армандаған мақсатына жету үшін, бүгінгі матчта жеңуге тырысады. Қарсыластардың уәжін табу жағынан ешқандай қйыншылықтары болмайды, сол себепті екі команда алаңнан голдар соқпай кетпейді. Бұл жерде классикалық нұсқаға тоқталайық - «Екуіде соғады: иә - 1.79» коэффицентімен.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×