Болжам. Чемпиондар лигасы басталды!

2024/25 жылғы Чемпиондар лигасының негізгі бөлігі басталғалы тұр. Бүгінгі матчтардан біз не күтеміз?

Болжам. Чемпиондар лигасы басталды!

“Янг Бойз” – “Астон Вилла” 

Чемпиондар лигасында тек тәжірибиесі бар командалар ғана керемет өнер көрсетеді. Ал дәл осы жұпта тәжірибиесі толысқан деп біз Швейцария елінің командасын айтып отырмыз. Себебі, “Астон Виллаға” қарағанда “Янг Бойз” жыл сайын ойнап жүрген тәжірибиелі команда. Бұл ұжым өз алаңында керемет ойнайтын әдеті бар. Голдарды топырлатып салып жатады. “Вилла” болса Унай Эмеридің біліктілігіне сеніп отыр. Олардың да, бір атары бар секілді. Десе де, білгіштердің айтуынша алғашқы таймда міндетті түрде голдар болатынға ұқсайды. Біздің пікірімізше, 1-таймның тоталы 1,5-тен көп. Алғашқы болжамымыз мінекей, осындай. 

“Реал” Мадрид – “Штутгарт”

Чемпиондар лигасы мен “Реал” Мадрид бір-бірінен ажырамас бір ұғым. Қалқанқұлақ кубокты бастан асырып көтеріп тойлау деген “Реал” үшін жай ғана сән емес пе? Мысалы, Килиан Мбаппе мен Винисиус Жуниор деген екі сайыпқыран бүгін “Сантьяго Бернабеуде” атой салатын сияқты. Одан бөлек қосалқы құрамда отырғандар да барын салатын жағдайда. Анчелоттидің командасы Чемпиондар лигасын ірі жеңіспен бастаудан кетәрі емес. Ондай кезде, неміс командасына жанкүйер болғың-ақ келіп кетеді. Олардың шабуылы мықты болғанымен, қорғанысы дәрменсіз. Біздің пікір бойынша “Реал” бүгін кем дегенде 3 гол салады. Сондықтан, “Реал” жеке тоталы 2,5-тен көп деп алсаңыз өкінбейтін шығарсыз. 

“Милан” – “Ливерпуль” 

Екі команда арасындағы матч әрдайым тартысты әрі қызықты өтеді. Екі ұжымның да тарихы бай, көп титулды қанжығаға байлаған, тәжірибелі командалар. Соңғы ойындарға көз жүгіртетін болсақ, екі команда ойыншылары да гол соғудан аянып қалып жатқан жоқ. Сондықтан бүгінгі ойында кем дегенде 3 гол болуы тиіс. “Ливерпуль” жылдам әрі агрессивті ойынымен фаварит болып есептелуі мүмкін. Дегенмен, “Миланның” оңай шағылар жаңғақ еместігін ұмытпаған жөн. Шеберлігі бір басынан асып түсетін мықтылар жүргенде жаңбырша жауған голдар күтеміз. Кім жеңсе де, голға бай матч көрейік.  

“Ювентус” – ПСВ

Ювентус” Тьяго Мотта келгелі бері қарқынға қарқын қосып, күшейіп алды. Чемпионатта бір тең нәтиже бар демесеңіз, қалғанын жеңіп келеді. Қарсыласын қоғадай жапырған “зебралар” Нидерланды елінен келген ПСВ командасынан анық басым. Әр таймда голдар салып, қарсыласының апшысын қуырады. Ол анық. Сондықтан, “Ювентустың” матчтағы жеңісін ала салған оңай әрі қарапайым болып көрінеді. Біздің де пікір соған саяды. Оның үстіне букмекерлік кеңселер де бізге соны меңзеп тұрғандай. 

Болжам беру оңай шаруа емес. Бірде көл, бірде шөл дегендей. Әркім осы жазбаға ақыл қосып, суық оймен саралап алсын. Барлықтарыңызға сәттілік! 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 45
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×