Болжам. Чемпиондар лигасы. "Ливерпуль" 3 гол салады

Әдеттегідей сәуегей Әділет болжам берді. Неге оқып көрмеске?

Болжам. Чемпиондар лигасы. "Ливерпуль" 3 гол салады

«Лилль» - «Реал» Мадрид

Бұл ойын туралы кесіп айтудан басқа шара бар ма? Мадридтің жігіттері келесі ұпай үшін жорыққа шықты. Әзірге ортаңқол командаларға сыйақы беретіндей көңіл-күйлері жоқ. Онсызда ұжымның ішкі атмосферасы мәз емес. Командаға дәл қазір қажет ойыншылар жарақат алған. Ішкі біріншілікте ұпай жоғалтып жүргендері тағы бар. Өз алаңында ойнайтын “Лилль” жігіттері ішкі чемпионатта үздік бестікте. Дегенмен, Испаниядан келген ұжымға қарсы қауқары жетеді деу қиын. Қорыта айтқанда, “Реал Мадрид” 1,5 көп деуге болады. Салған беттен тәуекелге барудың қажеті жоқ.

“Астон Вилла” – “Бавария”

Алдына қойған команданы аш қасқырдай жұлмалап жатқан Германиялықтарға қарсылық таныту Унай шәкірттері үшін оңай болмайды. Алғашқы турда “жас жігіттердің” қақпасына жауапсыз 3 гол соққан еді. Енді міне кезекті қарсыласы – атышулы “Бавария”. Бұл ойын туралы кең көсіліп айтудың қажеті жоқ. Тепкені гол болып жатқан футболшылар үшін толассыз доп салу әдетке айналған болар. Сондықтан бұл матчқа тотал 3 көп деген пікір айтамыз.

“Ливерпуль” – “Болонья”

Өткен ойында “Миланды” команда қатарына қоспаған “Ливерпуль” тағы бір Италиялық ұжымды жіпсіз байлайды. Ағылшындық команда соңғы 4 ойын бойы қарсылас шақ келтірмей келеді. Ал, “Болонья” құбылмалы команда. Бірде көл, бірде шөл. Кей сәтте мықтылармен теңесіп, адымын аштырмай тастайды. Енді бірінде көктен түскендей абдырап қалатыны бар. Әрине, Италиялық командаларға қарсы ойнау қиын болады. Әйтсе де, “Миланды” қопарған “Ливерпуль” бұл жігіттердің де көңіл-күйін түсіреді. Бұл сөйлемнен кейінгі пікір де түсінікті шығар. Құрамында Салах секілді ойыншысы бар команданың жеңісіне сенеміз.

“Лейпциг” – “Ювентус”

Бұл ойын кезекті тартысты матчтың бірі. Екі команда да осал емес. Қос ұжым осы маусымда қорғаныста жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. Бір-бірінің мазасын алып қоятын секілді. “Лейпциг” соңғы төрт ойынның бірінде ғана гол жіберіп алған. Ал, Туриндік команда барлық жарыстар бойынша бір гол өткізіпті. Алғашқы турда Италиялықтар сенімді түрде жеңіске жетті. Ал, осы ойындағы алаң иелері “Атлетикодан” айлаларын асыра алмады. Турнирдің алғашқы бөлігі – ешкім ұпай жоғалтқысы келмейді. Сондықтан екі команда да тырысып бағатыны анық. Дегенмен, бұл лигадағы тәжірибеге сүйеніп, “Ювентусқа” бір бүйрегіміз бұрады. Көзсіз тәуекелге бармай, Х2 деп алып көруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 24
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Кесел болған Дембеле
Келесі жаңалық
Пайрузды шақыртыпты
Aladop Youtube
×