Болжам. Чемпиондар лигасы. "Шахтер" шашып тастайды

Әділет Жұмагелді
Бас редактор
18.09.2024, 20:58

Кешегі жарыс күнінде "Аладоп" тілшісі Әділет Жұмагелді 4 матчқа болжам берді. Бәрі дәл шықты. Ал бүгін ше?

Болжам. Чемпиондар лигасы. "Шахтер" шашып тастайды

“Болонья” – “Шахтер”

Италиялық клуб соңғы рет Чемпиондар лигасында осыдан 60 жыл бұрын ойнаған. Демек, бұл команданың басты додада тәжірибиесі жоқ деген сөз. Тьяго Мотта болғанда италиялық клубты әлі де фаворит деуге болар еді. Бірақ, ол “Ювентуске” ауысып кетті. Ал негізгі шабуылшы Джошуа Зиркзе “Манчестер Юнайтед” сапына ауысты. Ішкі чемпионатта да “Болоньяның” жағдайы қатты мәз емес. Сондықтан, тегеурінді “Шахтер” осы ойында гол салып кететіндей. Гол салуына букмекерлер – 1,55 коэфицент ұсыныпты. Бұл өте тамаша бәс секілді. 

“Брюгге” – “Боруссия” Дортмунд

Атақты кино “Залеч на дно в Брюгге” тақырыбындай Брюггеге барып тығылған Колин Фаррелдің кейіпкері қиындыққа тап болады. “Боруссия” Дортмунд тура сол секілді қиындыққа тап болары анық. Өз алаңында бельгиялық команда барын салады. Бірақ, “аралардың” шабуылы күшті ғой. Мойындауымыз керек. Немістер сәл мүмкіндік болса гол салып кетуге шебер. Демек, “Боруссия” Дортмунд жеке тоталы 1,5 көп. Қатты қорықсаңыз, 1 көп деп алыңыз. Ерік өзіңізде. 

ПСЖ – “Жирона”

ПСЖ өз алаңында анық фаворит. Чемпиондар лигасында ойнап жүрген команда ғой. Ал “Жирона” болса бірінші мәрте ойнағалы отыр. Дебюті нашар болады ғой деген ойдамыз. Сондықтан алаң иелерінің құр жай ғана жеңісін ала салыңыздар. 

“Манчестер Сити” – “Интер”

Осыдан 2 жыл бұрын бұлар финалда кездескен. Одан бері “Сити” күшейді де, “Интер” нашарлап кетті. Мысалы, Италия чемпионатында соңғы турда “Интер” “Монцамен” 1:1 тең түсті. Осының өзі біраз жайттан ақпар беретін сыңайлы. Лаутаро мен Маркус Тюрамның да бабы дұрыс емес пе деп қалдық. Ағылшындар аянбай ойнаса кем дегенде 2 гол салады деген ойдамыз. Демек, соңғы 4-ойынға біз “МанСитидің” жеке тоталы 2-ден көп деп алайық. Оған кеңселер 1,89 коэфицент беріп отыр. 

Кеше 4 ойынның төртеуіне де дәл болжам бердім. Соған сеніп, бұл бала бүгін де айырады екен деп ойлап қалмаңыздар. Болжам деген сол ғой – бірде көл, бірде шөл. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 46
Ұнамайды 1
Күлкілі 5
Масқара 5
×