Болжам. Чемпиондар лигасының екінші туры

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі қайта жалғасты. 

Болжам. Чемпиондар лигасының екінші туры
Фото sports.ru

“Штутгарт” – “Спарта” Прага

Неміс командасы өткен турда “Реалға” қонаққа барып, жеңіліп қалды. Негізі теңестіріп тұрып, тамаша мүмкіндіктерге ие болған. Алайда, тәжірибие құрғырдың жетіспеуінен опық жеп қалды. Ал енді осы турда “Штутгарт” міндетті түрде 3 ұпай алуы тиіс. Өз алаңындағы кездесуде осал қарсыласпен ойнаған кезде мүмкіндікті молынан пайдалануы керек. Менің ойымша матч жеңімпазы – “Штутгарт”.  

“Боруссия” Дортмунд – “Селтик”

Екінші неміс командасы “Боруссия” Дортмунд алғашқы кездесуде “Брюггені” 3 доп айырмасымен жеңді. Бельгияға қонаққа барып келген “аралар” осы жолы өз алаңында Шотландия мықтысы “Селтикпен" кездеседі. Демек, неміс командасы өз алаңында тағы да 3 гол салып, қарсыластан 3 ұпайды қиналмай алуы тиіс. Неге екені белгісіз, “Боруссияның” жеңісіне кеңселер 1,5 коэфицент беріп отыр. Пайдалану керек деп есептеймін. 

ПСВ Эйндховен – “Спортинг”

Нидерланды командасы сыртта “Ювентусқа” есе жіберген кезде ПСВ керемет ойнады деп айттық. Себебі, матч барысында бұл команданың гол салатын тамаша мүмкіндіктері болды. Енді осы турда олар өз алаңында “Спортингпен” ойнайды. Португал ұжымы өте күшті ойнап жүр. Чемпионаттағы матчын жеңіп, Чемпиондар лигасындағы ойынында “Лилль” деген команданы 2:0 жеңді. Сондықтан, бұл матчта “екі команда да гол салады” деген бәсті алғанымыз дұрыс болатын секілді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 26
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×