Болжам. Еуропа Лигасы. БАТЭ - Арсенал

15.02.2019, 00:38
Болжам. Еуропа Лигасы. БАТЭ - Арсенал
Бүгін түнде Еуропа лигасының матчтары. 1/16 финалдың алғашқы кездесулері. Сондықтан да, матчтарға болжам айтудың да реті келіп тұрғандай. Алғашқы ойын БАТЭ - "Арсенал" Лондон. БАТЭ - "АРСЕНАЛ" "Арсенал қазір бабында. Александр Ляказзет, Пьер Эмерик Обомеянг секілді жұлдыздар бар. Олар қазір бабында. Сонымен бірге, бүгінгі ойынға Месүт Өзіл де шығады деген ақпарат шықты. "Зеңбірекшілердің" бапкері Ұнай Эмери Еуропа лигасының кәнігі маманы. Бұл жарысты ол 3 рет жеңген. Бұл жолы да еш аянбайын деп тұр. Себебі, "Арсеналдың" АПЛде алғашқы төрттікке кіруі күн санап қиындап барады. Ал осы екі клубқа ортақ футболшы Александр Глеб бүгін матч жайлы пікірін жазды. "Менің ойымша БАТЭ 90 минутқа шыдай алмай ертерек шаршап қалады" депті. Белоруссиялық клубтың қазір қиын жағдайда екенін ескеріп, бұл матчта "Арсенал" тоталы 1,5 көп деген бәсті алғымыз келеді. "Шахтер"  - "Айнтрахт" Ф "Шахтер" өте тәжірибиелі ұжым. Өз алаңында жақсы ойнайды. Маусым аралық үзілісте жаңадан ешкімді сатып ала алмады. Себебі, клубтың қазір қаржысы аз. Сондықтан да оларға әрбір матчтағы жеңіс өте маңызды. Ал Еуропа лигасы тіптен маңызды. "Айнтрахт" осы маусымдағы еурокубокты керемет өткізіп жатыр. 6 ойынның алтауын жеңіп, 100 пайыздық көрсеткіш тіркеді. Және сол 6 ойында 17! гол соқты. Бұл немістердің шабуылға икемді екенін байқатады. Демек, осы матчта "екі команда да гол соғады" деген бәс ойнап кетуі мүмкін. Тіпті, жалпы тотал 2,5 тен көп деп алсаңыздар да болатын секілді. "Олипиакос" - "Динамо" К Динамо Киевтің хәлі нешік екенін білесіздер. "Астананы" зорға ұтып, әупірімдеп жүріп топтан шыққан. Одан кейін де біршама уақыт өтті, клуб одан әрі қиындыққа белшесінен батты. Ойын мәселесінде де проблемалар жетерлік. Буялскийдің жарақаты бар, сонымен бірге Микаэль Дуэлундтың да бүгінгі матчқа қатыспайтыны анықталды. Ал "Олимпиакостың" қарқыны күшті. Олар "Миланды" қз алаңында 3:1 жеңіп, осы кезеңге жетті. Енді салыстырыңыз "Миланды" ұтып шыққан клуб пен "Астананы" ұтып шыққан клубтың арасында деңгейаралық кеңістік болуы тиіс қой. Сондықтан да, бүгінгі матчта бәлен демей-ақ жәй ғана гректердің жеңісін алған дұрыс секілді.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×