Болжам. Клопп Лэмпардты орнына қояды

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
22.07.2020, 18:42
Бүгін Англияда екі матч бар. Екеуі де қызықты әрі тартысты болары анық.
Болжам. Клопп Лэмпардты орнына қояды

Кешегі болжамымызда "Астон Вилла" мен "Арсенал" арасындағы ойынның нәтижесін дәл табыңыздар деп ұсыныс айтқан едік. Ержігіт есімді оқырман есеп 1-0 болып, алаң иелері жеңіске жетеді депті. Өздеріңіз білетіндей матч 1-0 есебімен аяқталды. Одан өзге үш оқырман нақты айтсақ Төрехан Мағжан, Жандос Кенжебеков, Кенжехан Бұхарбаевтар "Астон Вилланың" жеңісін айтыпты, ал қалған 36 пікір тегіс "Арсеналдың" жеңісіне байланысты айтылған. Ал бүгін қадірменді достар кім бірінші болып "Ливерпуль" - "Челси" ойынының нәтижесін табады, сол кісіге Каспи-голдқа 1000 теңге көлемінде символикалық жүлде тағайындадық. Сәттілік!

"Манчестер Юнайтед" - "Вест Хэм"

Сулшердің командасы үшінші орынға қол жеткізсек деп отыр. Себебі, "Лестерден" ұпайы бүгін түнде озатынын біліп отыр. Сосын, соңғы турда сол "Лестердің" өзімен ойнайды. Соған дейін "Челси" "Ливерпульге" жеңілсе, онда МЮ бүгін түнде 3 орынға шығады. Сондықтан да "қызыл сойқандардың" таза жеңісі. Одан бөлек тағы да қосымша болжам айтар болсам, МЮ тоталы 2 көп.

"Ливерпуль" - "Челси"

Өте тартысты кездесу. Бүгін түнде болатын матчтардың алды осы ойын. Екі алыптың айқасы. "Ливерпуль" 100 ұпай жинай алмайтын болды. 99 ұпайдың өзі қайда жатыр. Ол үшін "Ливер" бүгін "ақсүйектерді" жеңуі керек. Екі ойын сүреңсіз матч ойнағаннан кейін Клопп ашулы. Матчтың тоталы 2,5 тен көп. "Ливерпульдің" форасы (0).

"Парма" - "Наполи"

"Парма" өз алаңында гол салатыны анық. Кулесевский, Жервиньо, Корнелиустар түбі соғады. Бірақ, гол ұрып, жеңіп жатады да түбі матчты жеңілетін әдеті бар. Өткен жолы "Сампдорияға" да осылай жеңілді. Не деген масқара? Қашанға жалғаса бермек. Бүгін бірдеңе істейтін шығар енді. Менің ойымша "Парма" сенсацияға пісіп жетілді. Дегенімен, матч тоталы 2,5 деген стандартты болжам айтамын.

СПАЛ - "Рома"

Өткен жылы маусымның соңында қатты ойнап кеткен СПАЛдан биыл түк қалмады. "Рома" үшін СПАЛ тегін үш ұпай. СПАЛдың Б сериясына дайындалып жүргенін білеміз. Жалғыз Петанья ғана белсенді, Антонуччи әбден қажыған. "Рома" екінші құрамын шығарып-ақ жеңіске жетеді. Тоталы да 1,5 көп болады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×