Болжам. ҚПЛ. 2-жарыс күні не болады?

14.09.2024, 22:45

Сайт бетінде енді тұрақты түрде болжам жазып тұратын боламыз. 

Болжам. ҚПЛ. 2-жарыс күні не болады?

“Елімай” – “Тобыл”

“Елімайды” елдің бәрі фаворит санап отыр. Алайда, “Тобыл” оңай шағылар жаңғақ емес. Жұмасқалиев пен Карповичтің теке тіресі қызық болары айдан анық. “Тобыл” қазір бабында десек артық емес. “Қайратпен” сырт алаңда ұпай беліскені былай тұрсын, тіпті жеңіп кете жазлаған. Сондықтан да, Қостанай қаласының командасы осы матчты жеңіп жатса таңқалмаңыз. “Елімай” осы матчта 2 гол салмайды. “Тобылдың” қорғанысы жаман емес. Сондықтан да, “Елімай” 1,5 тотал кем дегенді (1,75 коэф) алуға кеңес береміз. 

“Ордабасы” – “Атырау” 

Кирил Кекер баптайтын “Ордабасы” стандарттарды жақсы көретін “Атыраумен” шайқасады. Қанша дегенімен, өз алаңында жеңуге тырысады. Шымкенттік командаға қазір ұпай ауадай қажет. Чемпиондыққа таласып жатқан “Орда” Виталий Жуковскийдің командасын бір гол басымдығымен ғана ұтатын шығар деп отырмыз. Сондықтан, бұл матчта сары қағаз бен бұрыштамалар көп болады деп топшылаймыз. Сары қағаз 4,5 көп немесе бұрыштама 8,5 көп деп алғаныңыз жөн. 

“Ақтөбе” – “Жетісу”

Өз алаңында нашар ойнап, сыртта қатты ойнап кететін “Ақтөбе” бапкер ауыстырды. Украиналық маман Леонов келген соң команда міндетті түрде жеңіске жетуі тиіс. Ұлттық құрамалардан қайтып келген футболшылар тыңғылықты дайындықтан кейін талдықорғандықтарды талқандайды. Шабуылдағы жігіттер мүлт кетпесе кем дегенде 3 гол салуы тиіс. “Жетісу” екі ойыншысы жарақат, екі ойыншысы өзге клубқа ауысып кеткен. Негізгі құрамның 4 ойыншысынан айырылған соң Нұрдәулетов мырза қиналып қалды. Демек, “Ақтөбе” тоталы 2 көп деген 2 коэфиценттік болжам айтамыз.  

Болжам болған соң әлбетте шығу шыұпауы факт емес. Ойланып, өздеріңіз сараптама жасаңыздар. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 1
Күлкілі 9
Масқара 1
×