Болжам. Кубокты кім жеңеді?

21.11.2018, 01:16
Болжам. Кубокты кім жеңеді?
Қазақстан кубогының өткен жылғы нұсқасында "Атырау" мен "Қайрат" кездескен еді. Ақтөбе қаласында өткен финалдық ойында Жерар Гоудың жалғыз голы кездесуге нүкте қойды. Енді биыл бұл екі команда қайтадан финалда түйісіп отыр. Сонымен бұл жолы кім жеңеді? "Атырау" біріншілікте 8-орын алды. 34 гол соғып, 47-рет қақпасына доп жіберген. "Қайрат" 2-орын алды. 60 гол соғып, 33-рет гол жіберген. Бірақ, алматылық клуб финалда легионерлерсіз ойнайды. Ал бүкіл біріншілік бойы "Қайраттың" соққан 60 голының 36-сы легионерлердің еншісінде. Демек, команда өзінің негізгі күшінен екі есе төмен деген сөз. Исаэль, Эппель секілді ойыншылар алаңға шықпайтынын ескерсек, онда финалда "Қайраттың" жағдайы қиын болып кетуі мүмкін. "Атырау" командасы бұл матчқа қатты дайындалып отыр. Себебі, жеңіске жетсе келер маусымда Еуропа лигасында өнер көрсетеді. Ал "Қайрат" жеңсе ондай мүмкіндікті төртінші орын алған "Ордабасы" алады. Бір қызығы сол 4-орынды "Ордабасы" соғңы турда дәл осы "Атырауды" жеңіп иемденген болатын. Чемпионатта бұл екі команда 3 рет кездесті. 2-турда "Қайрат" - "Атырау" ойыны 2:0 аяқталды. Голдарды Угу Сильвейра мен Вораговский соқты. Одан кейін "Атырау" өз алаңында да 1:3 есебімен жеңілді. Бұл матчта голдарды: Аденидже - Аршавин, Исаэль, Анене соқты. Соңғы ойын 24-тур аясында Алматыда өтті. "Қайрат" мачт барысында жеңіліп жатып, ерікті жеңіс тіркеді. Адениджи дубль жасап, алматылықтарды тығырыққа тіреген. Алайда, Аршавин таразы басын теңестіріп, Эссеола екі гол соғып, қорытынды нәтиже 4:2-ні тіркеді. 3 ойында "Атырау" 3 гол соққан. Үшеуін де нигериялық легионер Бабатунде Адениджи салыпты. "Қайрат" 3 ойында "Атырау" қақпасына 9 гол салыпты. Соның тек екеуі ғана қазақстандық футболшылардың еншісінде. Байқасаңыздар бұл екі команданың ойынында кем дегенде 2 гол соғылады екен. Демек, жалпы тотал 2-ден көп деп бәс тіксеңіздер болады. Ал жалпы Виктор Кумыковтың мықты тәжірибиелі бапкер екенін ескерсек, онда "Атырау" ойынды тең аяқтауға дейін баруы мүмкін. Сондықтан да 1х бәсін алуға да болады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×