Болжам. «Лион» - «Бавария»

Кешегі матчқа берген болжамымыз дәл келді. Бүгін ше?
Болжам. «Лион» - «Бавария»

Дэвид Кроссан, корреспондент:

- Найзағай бір жерге үш рет түсуі мүмкін бе? "Лион" осыған сенеді. "Бавария" "Барселонаны" жермен-жексен еткенімен, француздар еш қорқып отырған жоқ. Руди Гарсияның шәкірттері "Ювентус" пен "МанСитиді" жеңгеннен кейін футболда бәрі мүмкін деп ойлай бастады. "Лионға" тіпті аутсайдер болған ұнап қалғандай. Өткен жолы көрсеткен ойындарын осы жолы да айнытпайды.

Руди Гарсия, "Лион" бас бапкері:

- Тәбетіміз ас ішкен кезде келеді, сол секілді жеңген сайын жеңе бергіміз келіп тұр. "Баварияның" осал тұсын байқамадық. Бірақ, таза 100 пайыз идеал команда деген болмайды. Біз олардың нашар тұсын табамыз. Допты ұстап, оны барынша пайдаға асырсақ, немістерді де жеңуге болады. Ол үшін біз тек өзімізге сенсек жеткілікті.

Ханс-Дитер Флик, "Бавария" бас бапкері:

- Менің командам өзіме ұнайды. Ұжым ішінде керемет атмосфера орнап тұр. Жаттығуларға барымызды салып кірісіп жатырмыз. Біз қазір ең жоғарғы мақсатты қойып отырмыз. Бірақ, біз барлығын жақсы түсінеміз. Барлығы 0-0 ден басталатын бір ғана матчқа байланысты. "Барселонаға" қарсы ойнаған сияқты осы кездесуді де өткеріп шықсақ жеткілікті болатын шығар деп ойлаймын.

Ойыншылар құрамы:

"Лион": Лопеш; Денайер, Марсело, Марсал; Дюбуа, Какере, Гимараэс, Ауар, Корне; Депай, Дембеле

"Бавария": Нойер; Киммих, Боатенг, Алаба, Дэвис; Горецка, Тьяго; Перишич, Мюллер, Гнабри; Левандовски

Болжам:

"Бавария" тағы да 8 гол соқпасы анық. "Лион" еш саспастан қорғанысқа қамалады. Қарымта шабуылдағанды ұнатады. Дегенімен "Бавария" барын салса кем дегенде 3 гол салуы мүмкін. Менің ойымша "Бавария" тоталы 2,5 көп (1,75 коэф) деген бәсті алған дұрыс секілді. Себебі, 2 көп дегенге аса көп коэфицент беріліп тұрған жоқ. Сонымен қатар, бұрыштама добы 10 көп (1,66).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×