Болжам. «Майнц» - «Аугсбург» сияқты матчтар

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
14.06.2020, 05:48
Кеше 3 ойынға болжам жаздым, екеуі шықты.
Болжам. «Майнц» - «Аугсбург» сияқты матчтар

"Майнц" - "Аугсбург"

Екі көршінің матчы. Бұл командалар турнирлік кестеде қатар тұр. Алып тұрған орындарының түрі 14-15. Өткен жылы жақсы ойнаған командалар еді, биыл жағдайлары мүшкіл. "Майнц" өз алаңында жеңіске жетіп, қауіпті аймақтан шығып кеткісі келеді. Бірақ, өз алаңы деген не ол? Трибунада бір жанкүйер жоқ. Командалардың барлығы бірдей жағдайда. "Майнц" шабуылға шыққанды ұнатады. Себебі, қорғанысы өте нашар. Дегенімен де "Майнц" гол соғады деген бәстің өзі де жеткілікті көрінеді. Бұл енді букмекерлік тілмен айтқанда "бетон".

"Шальке" - "Байер"

"Шалькенің" шатқаяқтап тұрған заманы. Басынан бақ тайды бұл клубтың. Қарсыластар гельзенкирхендік клубтың екі аяғын бір етікке тығып тұрып жеңіп жүр. "Байер" командасының да ойы осы. кеше "Боруссия" М жеңіліп қалды. Енді осы ойында "Байер" жеңіске жетсе төртінші орынға көтеріледі. Ал ол дегеніміз Чемпиондар лигасына жолдама беретін орын. Демек, менің болжамым таза жеңіс. "Байер" ұтады.

"Атлетик" Б - "Атлетико" М

Қос атлетиктің қазір дүркіреп тұрған шағы емес. Турнирлік кестеге көз жүгіртсеңіздер соны ұғасыздар. Ариц Адуриц карьерасын аяқтады. Ал Мадрид командасындағы Диего Коста салықтан жалтарып істі болып жүр. Былайша айтқанда шабуылшылардан проблема бар. Екі клубтың гол соғуы төмен көрсеткіштермен көмкерілген. Демек, жалпы матчтың тоталы 2,5 кем.

"Реал" М - "Эйбар"

"Эйбар" айбар көрсете алмайды-ау. Мадридтің оғландары жұлмалап тастайтын шамасы бар. Инстаграммда Рамостың керемет голдар салып, әріптестерінің де жыртып жүргенін байқаймыз. Команданың көңіл-күйі тамаша. Зидан да осы үзілісті пайдаланып бірдеңелер жасаған шығар. Тактика тұрғысынан алға жылжу болады деп күтеміз. "Бернабеу" жөндеу жұмыстарын өткеріп жатқандықтан "Реал" бұл матчты Альфредо Ди Стефано атындағы қосалқы стадионда өткізеді екен. Оның өзіне де негізі 6000 жанкүер сияды. Бірақ, оынға ақыры фанаттар кірмесе онда осы стадион толықтай жарамды деген сөз. Менің ойымша "Реал" жеңісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×