Болжам. Қазақстан - Литва

Осы жолы жеңілсек жерге қараймыз.
Болжам. Қазақстан - Литва

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек осы матчтан кейін қызметінен кетеді. Бұл бейресми ақпарат. Келісімі де аяқталды, ҚФФ басшылығы оны ұзартқысы келіп тұрған жоқ. Сондықтан да, соңғы матчты Билек мырза жеңіспен аяқтағысы келіп тұр. Алайда, ойын алдында Марат Быстров жарақат алып, Ресейге кетіп қалыпты. Диагноз - бронхит. Сонымен қатар, Ғафұржан Сүйімбаев медециналық тексерістен өту үшін Германияға ұшып кетті. Ортада ойнайтын Айбол Әбікеннің де микро жарақаты бар көрінеді. Оның алаңға шығу шықпасы белгісіз. Құрамаға Темірлан Ерланов қайта шақыртылғанын да айта кетуіміз керек. Қорғаушы жарақатынан айығып үлгеріпті. Дегенімен, Зайнутдинов пен Исламханның жоқтығы құрамаға қатты әсер етейін деп тұр.

Литва құрамасы Белоруське жеңілді. Енді олардың да жағдайы біздікімен бірдей. Бірақ, Литвалықтарда 1 ұпай артығырақ. Демек, Қазақстан құрамасына тек қана жеңіс қажет. Бұл нені білдіреді? Литва құрамасының қорғанысқа жамбастап тұрып жататынын сездіреді. Сондықтан да, Литва гол соқпайды деген болжам айтқым келеді. 2,19 коэфицент екен. Матч тоталы 2,5 кем деген бәс те қатты ұнап тұр. Сонымен бірге бірінші таймда гол салынбайды деген пікірге де тоқтауға болатындай. Қазақстанның жеңісін де алуға болар еді, бірақ Ян Вораговскийге ғана сеніп отыратын жайым жоқ. Құраманың көшбасшы ойыншысы Ян екені айдан анық. Біздің командада дені дұрыс футбол ойнайтын да осы жігіт қой.

Кімде қандай болжам бар, жаза отырыңыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×