Болжам. Қазақстан - Литва

18.11.2020 00:14 Болжамдар

Осы жолы жеңілсек жерге қараймыз.

Болжам. Қазақстан - Литва

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек осы матчтан кейін қызметінен кетеді. Бұл бейресми ақпарат. Келісімі де аяқталды, ҚФФ басшылығы оны ұзартқысы келіп тұрған жоқ. Сондықтан да, соңғы матчты Билек мырза жеңіспен аяқтағысы келіп тұр. Алайда, ойын алдында Марат Быстров жарақат алып, Ресейге кетіп қалыпты. Диагноз - бронхит. Сонымен қатар, Ғафұржан Сүйімбаев медециналық тексерістен өту үшін Германияға ұшып кетті. Ортада ойнайтын Айбол Әбікеннің де микро жарақаты бар көрінеді. Оның алаңға шығу шықпасы белгісіз. Құрамаға Темірлан Ерланов қайта шақыртылғанын да айта кетуіміз керек. Қорғаушы жарақатынан айығып үлгеріпті. Дегенімен, Зайнутдинов пен Исламханның жоқтығы құрамаға қатты әсер етейін деп тұр.

Литва құрамасы Белоруське жеңілді. Енді олардың да жағдайы біздікімен бірдей. Бірақ, Литвалықтарда 1 ұпай артығырақ. Демек, Қазақстан құрамасына тек қана жеңіс қажет. Бұл нені білдіреді? Литва құрамасының қорғанысқа жамбастап тұрып жататынын сездіреді. Сондықтан да, Литва гол соқпайды деген болжам айтқым келеді. 2,19 коэфицент екен. Матч тоталы 2,5 кем деген бәс те қатты ұнап тұр. Сонымен бірге бірінші таймда гол салынбайды деген пікірге де тоқтауға болатындай. Қазақстанның жеңісін де алуға болар еді, бірақ Ян Вораговскийге ғана сеніп отыратын жайым жоқ. Құраманың көшбасшы ойыншысы Ян екені айдан анық. Біздің командада дені дұрыс футбол ойнайтын да осы жігіт қой.

Кімде қандай болжам бар, жаза отырыңыздар.

18 пікір

  1. Мейрамбек

    Мейрамбек

    18.11.2020 19:05

    Казахстан п фора -1

  2. Айдос Елбасы

    Айдос Елбасы

    18.11.2020 17:32

    Казахстан бул ойында 1 гол соғады және гол жиберу мумкин

  3. Айдос Елбасы

    Айдос Елбасы

    18.11.2020 17:31

    Меним ойымша женудин жолы ол 4 коргаушы 3 жартылай коргаушы 3 шабуылшы мен ойнау керек себеби осы уакытта дейин кордик Казахстаннын калай өнер корсеткенин әрине акымактык Беларусь га карсы ойында және Литвияга карсы ойында 5 коргаушымен ойынау.кыска пастар аркыл ойнау керек Литвия командасы ауедеги допка талас кезінде бизден басымдырак.

  4. Месси

    Месси

    18.11.2020 17:29

    Қазақстан мықты ел.Жеңеді деп ойлаймын

  5. Федин

    Федин

    18.11.2020 16:57

    Бұйырса ұтыламыз

  6. Барыс

    Барыс

    18.11.2020 15:44

    Менің бір талабым бар ол Ғафуржанды ойыннан алып тастаса екен.

  7. Есен

    Есен

    18.11.2020 14:32

    Жеңіске жетседе, жетпеседе бәрі-бір алатын табысына лайықты ойнап жатқан жоқ

  8. Max Djon

    Max Djon

    18.11.2020 14:12

    Kazakstan kazir slavi

  9. Max Djon

    Max Djon

    18.11.2020 14:12

    Litva jenedi

  10. Жоау Феликс

    Жоау Феликс

    18.11.2020 14:07

    Казакстан победа