Болжам. ҚПЛ. 3-тур. Не боларын кім білсін?

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
30.06.2020, 22:46
1 шілде күні 5 ойын өтеді. Себебі, «Астана» дем алады. Өйткені, «Ертіс» жоқ.
Болжам. ҚПЛ. 3-тур. Не боларын кім білсін?

"Тобыл" - "Каспий"

Қостанайлық клубта бірнеше ойыншы жөтеліп, тамағы ауырып, қызуы көтеріліп жүр дейді. Тура осындай жағдай "Каспийде" де бар. Олардың хорватиялық басшылары мен сербиялық бапкерлері де науқастанып қалса керек. Әзірге ол ковид пе, басқа ауру ма белгісіз. Дегенімен, команда екінші құраммен ойнауы мүмкін. Сондықтан да, алаң иелері жеңіске жететіні белгілі. "Тобыл" тоталы 1,5 көп немесе матчтың тоталы 1,5 көп деп алсаңыздар болады.

"Қызылжар" - "Оқжетпес"

"Оқжетпес" мына матчқа өте әлсіз құраммен бара жатыр. Жарақаттарына байланысты Гаврилович, Зорич, Калинин, Ерсалимов, Жақыпов, Абулавов секілді футболшылар қатыспайды. "Оқжетпес" жалпы матчқа қатысатын 15-16 адамды зорға жинаған секілді. Ковид жұқтырғандар болса, онда жағдай мүлде қиын. Демек, Карповичтің командасын қиын матч күтіп тұр. Ал карантиннен бірінші болып шыққан Солтүстік Қазақстан облысы матчты тағатсыздана күтті. Руснактың командасы осы ойынды қтады деп отырмын. Сондықтан, Фора 1к (0) 1,6 кэф, "Қызылжар" гол салады, немесе матч тоталы 2,5 кем.

"Қайрат" - "Жетісу"

Шпилевский Алексей Николайұлы 4 ойынға шеттетілді. Алаң жиегінде жүріп тапсырма бере алмайды. Дегенімен, телефон бар, көмекшілер бар дегендей, айтар ақылын айта жатар. Егер айтатын бір ақылы болса. "Қайраттың" бірнеше футболшысы Шпилевскийден үлкен екенін ескерсек, көп ойыншыға ақыл керек емес-ау деп отырмыз. "Жетісу" қорғанысты мығым ұстайтын команда. Алмат Бекбаев секілді мықты қақпашысы бар. Сондықтан да, бұл матчта көп гол көре қоймаспыз. Жабық матч болады. Огайдың командасы допты бақылауда ұстап, асықпай шабуылдайды. Демек, Фора 2 к (0), "Жетісу" гол салады деген бәстерді алдым.

"Қайсар" - "Тараз"

"Қайсардың" жағдайы қиын. Олар карантинде неше түрлі нәрселерді бастан өткерді. Бапкері де кешігіп келді. Младеновтың командасы биылғы біріншілікте 2 гол соғып көрмеген. "Қайсардың" біреуді қырып ұтқанын соңғы рет қашан көрдік? Есімізде жоқ. Сондықтан да, "Тараз" Фора +1,5 (1,5 кэф). Букмекерлер осы жерде қателесті деп ойлаймын.

"Ордабасы" - "Шахтер"

Шымкенттің командасы тып-тыныш, өзімен өзі жүрді. Бірнеше жолдастық матчтар өткізіпті. Соны ғана білеміз. "Қыранды", "Академия Оңтүстікті" жеңген, "Таразбен" тең түскен. Сондықтан олар жайлы көп ақпарат жоқ. Ал "Шахтер" Алматыда жаттықты. "Тобылмен" жолдастық матчтар өткізді. Команда бас бапкер ауыстырды. Бірнеше футболшы науқастаныпты деген де қаесет бар. Сондықтан да, "Ордабасы" жеңісі деп отырмын. Шымкенттік команда жеңедіге 1,6 кэф беріліп тұр. Көп букмекерлік кеңсе максималды ақшаға 20 мың теңгені көрсеткен. Ал "Фонбет" кеңсесі осы матчқа максималды ақшаға 290 мың беріп отыр. Қомақты қаржы қоятындарға бұл жақсы ғой.

Қадірменді достар, 3-турдың қалай боларын ешкім білмейді. Өткен турларға қарап болжау да қиын. Себебі, командалар 3 ай футбол ойнамады. Не боларын бір Алла ғана біледі. Дегенімен, пікірлеріңіз болса жаза отырыңыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×