Болжам. Сенбі күнгі сенімді матчтар

Кешегі болжамымда "Порту" мен "МанЮнайтед" тең түседі дегенім қалай әдемі шықты иә?

Болжам. Сенбі күнгі сенімді матчтар

“Арсенал” – “Саутгемптон”

6 ойында 12 гол жіберген “Саутгемптоннан” не үміт, не қайыр?! Бітуге аз-ақ қалып жүрген команда екен. Ештеңе істемей, құрдан-құр ұтылып жүр. 1 тең ойын мен 5 жеңіліс. Ал “Арсенал” болса қазір бабында. ПСЖны ЛЧда жатқызып тастады. Сенімді түрде жеңіске жетті. Жүйке жұқартпады. Сондықтан, “Арсенал” осы ойында 3 гол салады деген тоқтамға келдім. “Арсенал” тоталы 2,5 көп дегенге – 1,61 коэфицент беріліп тұр.

“Эспаньол” – “Мальорка”

Бұл екі команданың арасындағы ойын үнемі қызық өтеді. Өмір бақи бір-біріне деңгейлес болып өткен командалар ғой. “Мальорка” сапында Ведат Муриги мен Эрик Пратс деген екі шабуылшы бар. Тәп-тәуір голдар салып қояды. Сондықтан да, қорғанысы нашар “Эспаньолге” бұл екеуінің бірі міндетті түрде гол салады деп отырмын. “Мальорка” гол салады дегеннің өзі – 1,45. 

“Вальядолид” – “Райо Вальекано”

8 ойында 9 гол салған “Райо” күшті шабуылдайды. Бір матчта мың қырық мүмкіндігі болып, соның тек біреуін ғана салып жүр. Соңғы матчта тек бір ғана гол салды. Қалғаны офсайд болды, ухит-сухит болды. Әйтпесе, Хамес бастаған колумбиялықтар тартынып қалып жатқан жоқ. Осы ойында “Райо” гол салады дегенге сенемін. Оған Фонбеттегі тәтелер 1,4 коэфицент беріп отыр. 

“Лас-Пальмас” – “Сельта”

“Селта” сапында Яго Аспас мықты екенін бәріміз білеміз. Ал Борха Иглесиас келгелі бері команда түрленіп сала берді. Виго қаласының сайыпқырандары 8 ойында 15 гол салған ғой. Ризасыз ба? Әр ойында екі гол деген сөз ғой. “Сельта” 1 көп дегенді алыңыз. 1,37 кэф тақияңызға тар ма?

“Интер” – “Торино”

“Интер” Чемпиондар лигасында “Црвена Звезданы” 4:0 қылып үтіктеді. Сосын демалған ойыншыларын шығарып, ротация жасады. Симеоне Индзаги қазір өзіне дән риза. Лаутаро мен Тюрам, Тареми мен Арнаутовичтер гол салуға дайын тұр. “Фас” десең болды. Бұл ойында “Интер” жеңеді деген бәсті алсаңыз да жетіп артылады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×