"Валенсия" - "Атлетик" Бильбао
"Валенсия" ойыншыларының көңіл-күйі нашар. Соңғы ойындарды жеңілды. "Эйбарға", сосын "Вильяреалға". Шамасы футболшылар бас бапкерге аса қатты риза емес секілді. Оның үстіне біраз ойыншы жарақатта жатыр. Әсіресе қорғаушылар. Алаңнан қуылғандар бар. "Атлетик" осының барлығын біліп келе жатыр. Екі ұжым қазір турнирлік кестеде көрші тұр. Менің ойымша қорғанысы нашарлап қалған "Валенсияға" "Атлетик" міндетті түрде гол салуы тиіс. "Атлетик" гол соғады - 1,49 кэф.
"Бетис" - "Вильяреал"
"Вильяреал" қазір ғаламат ойнап жүр. Пако Алькасер мен Чуквезе екеуі шабуылды керемет ұйымдастырады. Оларға пас беретін Касорла бар. Тұрақтылығынан айырылған "Бетис" қақпасына бұлар міндетті түрде гол салады. Тіпті тотал "Вилья" 1 ден көп деп алуға да болады (1,48 кжф). Негізі жеңіп кетіп жатса таңқалмаймын.
"Интер" - "Брешиа"
Антонио Контенің командасы өткен жолы камбэк жасады. "Пармаға" жеңіліп тұрған жерінен екі гол салды. Лаутаро мен Лукаку сол матчта гол салмады. Мына ойында олар белсеніп шығуы керек. "Брешиа" Серия А-мен қоштасқалы жүр. "Интер" тоталы 2 көп 1,4 кэф. Осы бәсті таңдадым.
"Болонья" - "Кальяри"
"Болонья" соңғы кездері ашылып жүр. Ойнаған матчында гол салады. Тіпті, қарсылас таңдамайды. Өткенде олар сырт алаңда "Сампдорияны" жеңді. Бұрыштама көтеруді де қатырады. Қорғанысы сәл мықты "Кальяриге" жоқ дегенде бір гол салатын шығар. "Болонья" соғады 1,2 кэф.
"Фиорентина" - "Соссуоло"
"Сассуоло" екі ойын қатарынан 3 голдан салды. Және 3-3 деп тең ойнады. Алдымен "Интермен", сосын "Веронамен". Енді "Фиоремен" 3-3 ойнаса, білмеймін тегі! Дегенімен гол соққыш команда екен. Оны дәлелдеді. Бірақ, қорғанысы да, қатырып жатқан жоқ. Екі команда да гол салатынға ұқсайды. Ендеше мен жалпы матч тоталы 2 көп 1,34 кэфті таңдадым.
СПАЛ - "Милан"
"Милан" жақсы ойнап жүр. Өткенде "Романы" аса қатты қиналмай жеңді. Шабуылы жақсы, ортасы мығым. Кесси мен Чалханоглу белсеніп жүр. Қапталдағы қорғаушылары да шапқылайды. Әсіресе француз Фернандес. "Миланның" жеңісін алдым. Нар тәуекел.
Қадірменді достар, кімде жақсы пікір бар? Жаза отырайық.
Біздің серіктес: FONBET