Болжам. «Валенсия» сенімді түрде жеңеді

Кеше 7 ойынға болжам айтып едік, 5-еуі дәл шықты.
Болжам. «Валенсия» сенімді түрде жеңеді

"Челси" - "Манчестер Сити"

"Челси" "Астон Вилланы" әзер жеңіп жүр. Гуардиоланың командасы Лэмпардтың жас ұжымынан әлде-қайда мықты. Сондықтан да, жеңіс екінші команданыкі. Бұрыштамалар саны да 9,5-тен көп болуы тиіс.

"Саутгемптон" - "Арсенал"

"Арсенал" қазір тығырыққа тіреліп тұрған көлік секілді. Сайтымызда кеше ғана "йАрсенал" саған не болды?" деген қызық мақала шықты. Оқысаңыздар клубтағы жағдайды түсінесіздер. Қорғаушылардың барлығы жарақатта. Ортада ойнайтын адам жоқ. Торейраның жоқтығы сезіледі. Сондықтан да "Саутгемптон" гол салады деген бәсті алдым.

"Эйбар" - "Валенсия"

"Валенсия" сенімті түрде жеңуі тіис. "Жарақанаттар" қанатын бір қағып түнге қарай жорыққа шығады. Родриго, Парехо, Гомес барлығы дін-аман. Жарақат алған ешкім жоқ. Кондогбианың өзі қазір сапқа оралды. "Валенсия" жеңіске ғана ойнайды. 3 ұпай алса, 49 ұпаймен 8 орыннан 5-орынға бір-ақ көтеріледі.Менің ойымша "Валенсия" жеңеді, сосын "Валенсия" гол салады тоталы 1 көп деп алсаңыздар болады.

"Бетис" - "Эспаньол"

"Бетис" өткен турда көп адамды күйдірді ғой. 88 минутта "Атлетик" қақпасына пенальти соға алмады. Қаншама "обз", қаншама тотал 1,5 көптер күйді ғой, шіркін-ай. "Бетис" осы турда гол салмаса, білмеймін енді? "Бетис" гол салады деп алдым.

Қазірменді достар, пікір жазуды ұмытпаңыздар!!!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×