Болжам. «Вердер» - «Айнтрахт» Ф

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
03.06.2020, 08:04
24-турдың кейінге шегерілген матчы.
Болжам. «Вердер» - «Айнтрахт» Ф

"Вердерге" бұл матч қосымша мүмкіндік. Себебі, үш ұпай еншілейтін болса қауіпті аймақтан шығып кетуіне болады. Өткен турда олар бір гол салып, "Шалькеден" басым түсті. Гельзенкирхеннің командасы 4 ойын қатарынан жеңілді. Бапкерді қызметтен кетіргісі келіп жүрген футболшылары бәрін теріс істеп бағуда. Дегенімен, "Вердер" де сол ойында құлшына ойнады.

Ал бұл жолы қарсылас осал емес. "Баварияға" екі гол салған Франкфурт командасы тайынайын деп тұрған жоқ. Себебі, олардың да жағдайы мәз емес. 2-3 ойын жеңілсе қауіпті аймаққа түсуі мүмкін. Өткен жылы Еуропа лигасының жартылай финалында ойнаған команда биыл бундеслигадан ұшып кетсе масқараның көкесі сол емес пе? Андре Сильва мен Баст Дост бастаған шабуылшылар бұл матчтан да голсыз кетпес. Демек, "Айнтрахт" гол соғады - 1,24, "Айнтрахт" тоталы 1 көп, 1,5 көп деген бәстерді таңдаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×