"Қайрат" ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Қазақстан чемпионатында ойнайтын командалардың 14-ке дейін ұлғаюы мүмкін екендігі туралы ақпаратқа пікір білдірді.
"Біз лиганы 14 командаға дейін кеңейту туралы ақпаратты ҚКФЛ-ның жақында өткен жиналысында ғана естідік. Мүмкін бұл дұрыс шығар. Бірақ біз оның пайдалы немесе тиімсіз жақтарын есептеуіміз керек, өйткені бұл бәріне қосымша қаржылық шығын болып табылады, әсіресе командалардың бюджеті қысқарып жатқанын ескерсек.
Ең бастысы, клубтар Премьер-лигада ойнағысы келе ме, қаржы жағынан чемпионатта өнер көрсетуге дайын ба? "Ертіспен" болған оқиға тағы қайталанбай ма?
Бұл өте маңызды. Мен бұл шешімге қарсы емеспін, тіпті лиганы 16 командаға дейін ұлғайтуға болады, бірақ біз мұндай шешімдердің бірлескен диалогта қабылданғанын қалаймыз. Қазіргі уақытта біз бұл ұсынысты тек ҚКФЛ отырысында тыңдадық, ешқандай пікірталас болған жоқ. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдауға ерте, біз оны бірнеше рет талқылауымыз керек", - деді Боранбаев.
Еске салайық, 2020 жылғы маусымда "Қайрат" соңғы 16 жылда алғаш рет чемпион атанды. "Тобыл" екінші орынды, ал "Астана" үшінші орынды иеленді. Павлодарлық "Ертіс" маусымның басында қаржы мәселесіне байланысты чемпионатта ойнаудан бас тартты, "Оқжетпес" Бірінші лигаға түсіп қалды. Премьер-лигада ойнауға "Атырау" мен "Ақтөбе" мүмкіндік алды.
Біздің серіктес: FONBET