Борис Китка: Қазақстанда жетпеген эмоциямызды шығаруымыз қажет

12.08.2025, 06:44

Братиславаның «Слован» клубының бас бапкерінің көмекшісі Борис Китка Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Қайратқа» қарсы өтетін ойын жайлы ойымен бөлісті.

Борис Китка: Қазақстанда жетпеген эмоциямызды шығаруымыз қажет

«Бірінші матчпен салыстырғанда бізге, сөзсіз, Қазақстанда жетпеген эмоциямызды шығаруымыз қажет. Өткен нәтижені өзгерте алмаймыз. Бұл факт. Бізге өзгерту қажет жалғыз нәрсе – біздің көзқарасымыз. Яғни, біз алдағы матчты жеңіп, келесі кезеңге өтеміз. Мүмкін, алғашқы ойында біз көбірек нәтиже үшін ойнаған болармыз. Енді келесі кезеңге шығу үшін барымызды саламыз», – деді Китка.

Сондай-ақ, қорғаушы Гурам Кашия да баспасөз жиынында алматылықтардың сырт алаңда сәтсіз ойнайтындығын атап өтті.

«Статистика бойынша олар өз алаңында өте жақсы ойнайды. Қазақстанда ойнау қиын. Уақыт айырмашылығы мен ұзақ ұшақ сапары бар. Менде сылтаулар көп болар еді. Алайда біз бәрібір өзімізге лайық деңгейде ойнамадық. Нәтиже көңілден шықпады. Бірақ әлі кеш емес. Қажет болса, біз жеңіске жете аламыз. Бізде тамаша мотивация бар әрі ойынды асыға күтіп отырмыз», – деді Китконың сөзін жалғаған қорғаушы Гурам Кашия.

Айта кетейік, қос команданың ойыны Астана уақытымен 23:15-те өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×