«Боруссия» Д күміс жүлдегер атанды

21.06.2020, 02:34
Әлі бір тур бар. Чемпионат аяқталған жоқ. Соңғы турда 2-3 сұрақтың жауабын аламыз.
«Боруссия» Д күміс жүлдегер атанды

"Боруссия" Дортмунд сырт алаңда "Лейпцигті" жеңіп (2:0 Холланд дубль) Германия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Енді үшінші және төртінші орындар үшін талас болады. "Лейпциг" соңғы турда жеңілсе негізі үшінші орыннан да айырылып қалуы мүмкін. "Боруссия" Менхенгладбахтың қола жүлдегер атантын мүмкіндігі бар. Олар соңғы турда өз алаңында "Гертаны" жеңсе жеткілікті.

Бундеслигадан шығып қалған бір команда белгілі - "Падерборн". Ал "Вердер" мен "Фортуна" Дюсселдорф екеінің біреуі соңғы турда жанталасады. "Вердер" өз алаңында "Кельнді" жеңгеннің өзінде де бунжеслигадан шығып қалуы мүмкін. Себебі, "Фортуна" қазір бремендік ойыншылардан екі ұпай озып тұр. "Фортуна" соңғы турда "Унион" Берлин командасымен ойнамақ. Соңғы 34-тур ойындары 27 маусым күні өтеді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×