«Боруссия Дортмунд» Нидерларды құрамасының шабуылшысын қатарға қосты

28.07.2021, 04:40
Шабуылшы өткен маусымда 19 мәрте мергендігімен көзге түскен екен.
«Боруссия Дортмунд» Нидерларды құрамасының шабуылшысын қатарға қосты

ПСВ мен Нидерланды құрамасының шабуылшысы Дониэлл Мален "Боруссиямен" келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды дортмундтық клубтың ресми сайты. 22 жастағы ойыншының жаңа командасымен келісім-шарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

"Боруссия Дортмунд" - бұл Бундеслиганың басында тұрған және Чемпиондар лигасында жақсы нәтиже көрсетіп жүрген ең жақсы еуропалық клуб. Мен жаңа командаластарыммен бірге алаңға шығатын сәтті асыға күтемін. Әрине, мен бүкіл Еуропаға танымал болған жанкүйерлермен кездесуді де тағатсыздана күтемін", - деді Мален.

Мален "Аякс" пен "Арсеналдың" жастар командаларында ойнады. Ол 2018 жылдан бастап ПСВ сапында өнер көрсете бастады, ал Нидерланды құрамасына 2019 жылдан бастап шақыртылды. Шабуылшы Эредивизияның өткен маусымында 32 матч өткізіп, 19 гол соқты, сегіз нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×