«Боруссия Дортмундты» келесі маусымда кімнің жаттықтыратыны белгілі болды

16.02.2021, 20:45
«Боруссия» соңғы кездері сүреңсіз ойын көрсетіп жүр.
«Боруссия Дортмундты» келесі маусымда кімнің жаттықтыратыны белгілі болды

"Боруссия Менхенгладбах" командасының бас бапкері Марко Розе осы маусымның соңында өз орнын босатады, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, неміс маманы клуб басшылығына бұл жайлы хабар беріп үлгерген. Жаңа маусымда 44 жастағы жаттықтырушы "Боруссия Дортмунд" клубында жұмыс істейді. Розе дортмундтық клубтың басшылығымен келіссөздер жүргізіп, келісім-шарттың мән-жайы туралы ымыраға келді.

Еске салайық, Люсьен Фавр 2020 жылдың желтоқсанында "Боруссия Дортмундтың" бас бапкері қызметінен кеткен болатын. Эдин Терзич бас жаттықтырушының міндетін атқарушы болып тағайындалды, оның басшылығымен команда 12 матч өткізді: 6 жеңіс, 4 жеңіліс, 2 тең ойын.

Розе "Боруссияда" 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Бұған дейін ол "Ред Булл Зальцбургты" жаттықтырды, онымен екі рет Австрия чемпионы болды және бір рет ел кубогін жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×