"Боруссия" тартысқа толы матчта "Шалькені" жеңді

09.11.2015, 03:59
"Боруссия" тартысқа толы матчта "Шалькені" жеңді
Дортмундықтар "Баварияға" бес ұпай ара-қашықтықта жақындады. Бундеслигадағы ең қызықты, әрі нәтижелі кездесулердің бірін "Боруссия" мен "Шальке" командалары сыйлады. Рур дербиі деп аталатын текетірес 3:2 есебімен "Сингал Идуна Парк" қожайындарының пайдасына шешілді. Матчтың есебін 30-шы минутында Кагава ашқанымен, араға үш минут салып қонақтардың сұрмергені Хунтелар таблоға тең есепті қайта тіркеді. Дегемен, бірінші тайм аяқталар тұста Гинтер "аралардың" екінші голын соқты. Командалар үзілістен шығысымен, Обамеянг мергендігімен көзге түсіп, командасының есептегі басымдылығын екі голға жеткізді. 71-ші минутта Хунтелар атына дубль жазып, жанкүйерлерді тең нәтижеге үміттендіргенмен, ойын аяғына дейін есеп өзгеріссіз қалды. Неміс Бундеслигасы. 12-ші тур. "Боруссия Д"– "Шальке-04" 3:2 (2:1) Голдар: Кагава, 30 (1:0); Хунтелар, 33 (1:1); Гинтер, 43 (2:1); Обамейянг, 47 (3:1); Хунтелар, 71 (3:2).

 

Турнир кестесі.

 

 
1  БАВАРИЯ 12 11 1 0 37-4 34
2  БОРУССИЯ Д 12 9 2 1 35-15 29
3  ВОЛЬФСБУРГ 12 6 3 3 17-15 21
4  ГЕРТА 12 6 2 4 17-15 20
5  ШАЛЬКЕ 04 12 6 2 4 16-16 20
6  БОРУССИЯ М 12 6 1 5 23-18 19
7  КЕЛЬН 12 5 3 4 15-18 18
8  БАЙЕР 12 5 2 5 14-16 17
9  МАЙНЦ 12 5 1 6 18-19 16
10  ИНГОЛЬШТАДТ 12 4 4 4 7-9 16
11  ГАМБУРГ 12 4 3 5 11-16 15
12  АЙНТРАХТ Ф 12 3 5 4 16-17 14
13  ДАРМШТАДТ 12 3 5 4 13-16 14
14  ГАННОВЕР 12 3 2 7 12-22 11
15  ВЕРДЕР 11 3 1 7 11-18 10
16  ШТУТГАРТ 12 3 1 8 17-27 10
17  ХОФФЕНХАЙМ 12 1 5 6 12-19 8
18  АУГСБУРГ 11 1 3 7 12-23 6

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×