Көпшілік Германия бұл ойында балқандықтардың талқанын шығарады дейді.
Солай болатын да шығар, себебі жаздағы Еуродан кейін неміс мәшінесі керемет қарқын алған. Юлиан Нагельсманның шәкірттері Ұлттар Лигасында жоғары нәтиже көрсетуде. Алғашқы екі турда тек Нидерландымен ұпай бөліскені болмаса, Хунгария құрамасын аяған жоқ ( Венгрияны 5:0 ұтты). Кай Хаверц пен Лерой Санені тұсап ұстау қиын болып тұр. Сондықтан, бұл бәсекеде қонақтардың жеңісіне ешкім күмәнданбайды. Дегенмен, босниялықтар да ең соңғы команда емес. Сергей Барбарес тізгіндейтін алаң иелері 11-қазанның кешінде біраз уақыттан бері жалғасқан сәтсіз серияны үзуге тырысады: Босния құрамасы сегіз ойын қатарынан жеңіске жете алмай келеді. Бұл миссияның қаншалықты қиын болатыны түсінікті. Дегенмен, алаңның сапасы мен жергілікті жанкүйерлердің факторы өзінің ықпалын тигізіп қала ма деген ой келеді. Қалай дегенде де алаң иелері бұл күні азулы қарсыласына қарсы аянып қалмауы тиіс. Сонымен, осы ойынға мынадай бір нұсқаны ұсынғымыз келеді – екі команда да гол ұрады деген. Коэфициенті де жаман емес - «Фонбет.кз» бұған бақандай 1.95 беріп тұр. Босниялық футболшылар өткен турда сырт алаңда Нидерландыға екі гол ұрған еді. Осы жолы өз үйінде тым болмағанда бір рет мергендік танытатын шығар деп топшылаймыз.
Ал немістерде бұл тұрғыда ешқандай мәселе болған емес. Бундестим Ұлттар Лигасының алғашқы екі турында 7 гол салып тастады. Сондықтан, бес бәсекеде 11 рет қақпасын аман алып қала алмаған алаң иелеріне неміс мәшінесі біраз допты тоғытуы әбден мүмкін.
Бұл нұсқа көңіліңізден шықпаса, осыған ұқсас тағы біреуі бар. Тәуекелі көбірек әрине, бірақ жолыңыз болған жағдайда, ұтысыңыз да әлдеқайда мол болады. Босния құрамасы екінші таймда гол ұрады дегенге қалай қарайсыздар? Біздің серіктес жомарттық танытып дәл осы нұсқаға 2.55 коэфициент беріп отыр екен. Бірінші таймда бар мәселесін шешіп тастаған немістер үзілістен кейін аса күш сала қоймауы керек. Ал босниялықтар мұны пайдалана алса, сіздерге керемет сыйлық жасап жіберуі ықтимал.
Біздің серіктес: FONBET