«MeridianSportBH» басылымының мәлімдеуінеше, Босния және Герцеговина құрамасының жартылай қорғаушысы Алмедин Зилькич бірнеше себепті «Сараево» командасынан кетуді ұйғарған.
Ал клубсыз қалған 28 жасар футболшыны енді «Астана» командасы өзінің қатарына қосуға мүдделі деген ақпарат бар. Зилькич «Сараевоға» дейін, Словения, Хорватия және Сербия чемпионаттарының командаларында өнер көрсеткен. Жартылай қорғаушы Босния және Герцеговина құрамасына 2020 жылдан бері тартылып келеді. Әзірше, футболшы Ұлттық құрамасының жейдесінде тек 3 матчқа қатысыпты.
Айта кетейік, наурызда басталған ҚПЛ-де «Астана» екінші орында келеді. Команда екі турда екі рет жеңіске жетіп, 6 ұпай жинаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET